Басты бет

Енгізілді: 06.03.2019Қаралғаны: 83 рет
«Fashion show» қазақ әйелдерінің ұлттық киімдер шеруі

Үстіміздегі жылы 6 наурыз күні сағ. 15.00-де Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласы аясында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен «Fashion show» қазақ әйелдерінің ұлттық киімдер шеруі болып өтті.
Шараға Қызылорда облысының қылқалам және қолөнер шеберлері, технология пәнінің мұғалімдері, үкіметтік емес ұйымдар, ЖОО студенттері, және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.
       Шараның мақсаты - өңіріміздегі модельерлердің тіккен ұлттық киімдерін насихаттау, ежелгі және заманауи үлгідегі қазақ әйелдерінің ұлттық киім түрлерін көрсету, халқымыз қастерлеген ұлттық өнеріміздің жас ұрпақтарға үлгі боларлық тәрбиелік маңызын айқындау. Отбасылық құндылықтар мен ұлттық құндылықтар маңызын ашу, жастарды қолөнер бұйымдарын жасап үйренуге шақыру, сол арқылы  қоғамдағы жаңа өзгерістер мен өз халқының тарихын, дәстүрі мен салтын дәріптеуге үйрету,  қолөнер шеберлерінің кәсібін дамыту болып табылады.