Басты бет

Енгізілді: 27.02.2019Қаралғаны: 23 рет
Қазақстан – бақыт мекені

Ү.ж. 27 ақпан күні күні сағат 15.30-де Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде 1 наурыз – Алғыс айту күні мерекесіне орай,  Ұлы Даланың дәстүрлеріне негізделген Қазақстан халқы Ассамблеясының 2019 жылға арналған «Сарқыт» және «Шашу» қайырымдылық акциялары аясында «Қазақстан – бақыт мекені» атты мерекелік шара болып өтті.
Шараға облыстағы этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен өкілдері, мәдениет саласының ардагерлерінің ЖОО студенттері, Н.Ілиясов атындағы №9 мектеп-лицейі оқушылары және бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты.