Басты бет

Енгізілді: 26.02.2019Қаралғаны: 45 рет
«Невада-Семей қозғалысына – 30 жыл» атты кездесу

Биыл Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына  түрткі болған «Невада-Семей» халықаралық ядролық жарылыстарға қарсы қозғалысының құрылғанына 30 жыл толды. Осыған орай, Ақмешіт филиал музейі 2019 жыл 26 ақпан сағат 11-00 де полигон зардабын жоюға қатысқан ардагерлермен «Невада-Семей қозғалысына – 30 жыл» атты кездесу өткізді. Мақсаты: Адамзат баласына зор қауіп төндірген полигон зардаптарын жоюға атсалысқан ардагерлердің еңбектерін жас ұрпаққа дәріптеп таныстыру. Кездесуге «Невада-Семей» қозғалысына қатысқан ардагерлер: Мантенов Рақымжан, Искандарова Ольга,  Оңғаров Қасым, Тоқтыбаев Мэлс, Жүсіпұлы Ақайдар, Ерғабылов Жанұзақ, Досмағамбетов Мұрат және  М.Ә.Сужиков атындағы №6 орта мектептің 8 сынып оқушылары қатысты. Кездесу соңы экскурсиямен жалғасты.