Басты бет

Енгізілді: 19.02.2019Қаралғаны: 8 рет
«Латын әліпбиіне көшу - рухани жаңғырудың іргетасы» атты аквариум-семинар

Үстіміздегі жылы 19 ақпан күні сағат 15.30-да «Латын әліпбиіне көшу - рухани жаңғырудың іргетасы» атты аквариум-семинар ұйымдастырылды.
Шараға ЖОО студенттері мен оқытушылары және БАҚ өкілдері, музей қызметкерлері  қатысты.
Шараның мақсаты - латын графикасының болашақ үшін маңызын, рухани қажеттілігін жастар арасында насихаттау. Студенттерді қазақ жазуының тарихымен таныстыру. Латын әліпбиіне көшудің рухани дамуға қозғау салып, жаһандану заманында қазақ тілінің басқа тілдермен терезесі тең ететінін ұғындыру.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында: «Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуды жүргізуге тиіспіз..» - деп атап көрсеткен еді.