Басты бет

Енгізілді: 11.02.2019Қаралғаны: 36 рет
Ауғанстан – жүректегі жара

Үстіміздегі жылы 11 ақпан күні сағат 11.00-де Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай «Ауғанстан – жүректегі жара» атты кездесу кеші ұйымдастырылды.
Шараға Ауған соғысы ардагерлері, зиялы қауым өкілдері, ЖОО студенттері мен оқытушылары және БАҚ өкілдері қатысты.
Шараның мақсаты - оқушыларға ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, өз отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету. Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым ету, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезім ұялату.
    Шараға «Қызылорда облысы ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер кеңесінің» төрағасы Жаров Әлібек, ауған соғысының ардагерлері Баймаханов Қайредин, Бекпан Алтынбек, Жүнісов Асыл, «Нұротан» партиясының Қызылорда қалалық филиалы төрағасының орынбасары Әбдрахманов Шәріп Әкбарұлы қатысты. Кездесуде ауған соғысының ардагерлері өз естеліктері мен соғыс кезіндегі жолдастары мен қаруластары жайында да жантүршігерлік оқиғаларын айтып өтті. Оқушы жастар ардагерлерге көкейде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды. Олардың есімдері жүрегімізде мәңгі қалады», — деп, әсерлі әңгімесімен бөлісіп, жастарды елін, жерін қорғауға шақырды.
Жастар тарапынан құрметке бөленген майдангерлер алғыс білдіріп, ақжарма тілектерін жеткізді. Кездесу соңы концерттік бағдарламаға ұласып, шараға қатысушылар жат жерде шейіт болғандарды еске алып, ардагерлерге құрмет көрсетті.