Басты бет

Енгізілді: 22.01.2019Қаралғаны: 100 рет
"Сырдария-жырдария" атты дөңгелек үстел

2019 жылдың  22 қаңтар күні ақын, драматург, әдебиет зерттеушісі, Қазақстанның халық жазушысы Ә.Тәжібаевтың туғанына 110 жыл толуына орай, Қала тарихы музейі "Сырдария-жырдария" атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Шараға Ә.Тәжібаевтың өкіл қызы халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегері, ақын Қатира Жәленова, Қызылорда облыстық филиалының директоры, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ақын, журналист Қаршыға Есімсейітова, ғылым докторы, әдебиетші Бекарыс Нуриман және қаламыздағы № 253 қазақ орта мектебінің оқушылары, М.Мәметова атындағы педагогикалық колледж студенттері қатысты. Шара барысында жастар Ә.Тәжібаевқа арнап шығарған өлеңдерін, ақын өлеңдерін оқыды.