Басты бет

Енгізілді: 20.12.2018Қаралғаны: 45 рет
Хорезм экспедициясының Сыр өңіріндегі зерттеулерінің тарихы

Қызылорда облысы әкімдігі жанындағы тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңесі отырысының шешімі бойынша  Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі мен Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің келісім-шарт арқылы «Хорезм экспедициясының Сыр өңіріндегі зерттеулерінің тарихы» атты ғылыми-зерттеу жобасы жүзеге асырылуда. Осы орайда, 2018 жылдың 19 желтоқсанында жоба бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы облыстық музейде дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелде Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың «Археология және этнография» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Ә.Тәжекеев жоба бойынша Ресей Федерациясының музейлер мен архивтер қорында жасаған жұмыстары туралы мәліметпен бөлісті