Басты бет

Енгізілді: 14.12.2018Қаралғаны: 64 рет
Боранды бекет

Ү.ж. 14 желтоқсан күні сағат 11.00-де Елбасының  «Рухани жаңғыру» бағдарламасынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру мақсатында, сондай-ақ, Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы Көркемсурет галереясында Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, жергілікті суретші Байсалов Жайлаубай Жұмамұратұлының шығармашылығына арналған «Боранды бекет» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты  болып өтті.
Шараға Қызылорда облысының зиялы қауым өкілдері, Қызылорда облысының  қылқалам және қолөнер шеберлері, облыстағы қоғамдық қорларының өкілдері, ардагерлер, ЖОО студенттері, және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.
Өнер - мәңгі жасайтын байлық. Соның ішінде бейнелеу өнері ғасырлар жаңғырығын бізге жоғалтпай жеткізетін өнер. Бүгінгідей тәуелсіз дәуірде, жалпы адам баласына тән биік сезімдерді жоғары деңгейде көтеретін шабыты мол, еркін ойлы суреткерлердің бел ортасында Жайлаубай Жұмамұратұлы да өз үлесін қосуда.