Басты бет

Енгізілді: 13.12.2018Қаралғаны: 109 рет
Латын әліпбиі – жаңа замандағы тиімділігі

2018 жылғы 12 желтоқсан күні сағат 16.00-де Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі "Жас Отан" ЖҚ ҚОФ жанынан құрылған "Жалын" облыстық пікірсайыс орталығымен бірлесіп, «Латын әліпбиі – жаңа замандағы тиімділігі» тақырыбында дөнгелек үстел ұйымдастырылды. Аталмыш шарада Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушылары К.Қамзаева, Г.Бекмағанбетова, Қызылорда облыстық қазақ тілін үйрету орталығының бөлім басшысы Ә.Бақытова, М.Дүйсенов атындағы №15 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жұмабекова Жазира Шарападинова және "Жас Отан" ЖҚ ҚОФ жанынан құрылған "Жалын" облыстық пікірсайыс орталығының жетекшісі Ш.Жалғасбекұлы өз ойларымен бөлісті. Дөнгелек үстелдің басты мақсаты - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған қазақ әліпбиін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру туралы тұжырымдамасына сәйкес латын әліпбиінің тиімділігін және оның біздің болашағымыз үшін маңызын түсіндіру.