Басты бет

Енгізілді: 27.11.2018Қаралғаны: 72 рет
Киелі Отырардың мәдени мұралары

Ү.ж 26 - қараша күні Көркемсурет галереясында Түркістан облысындағы Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайының ұйымдастыруымен қойнауы тарихқа толы, Қазақ өркениетінің алтын діңгегі, Отырар тарихын көпшілікке насихаттау мақсатында «Киелі Отырардың мәдени мұралары» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.
Көрмеде, музей қоры жинағындағы Х-ХVІІІ ғасырларға тән археологиялық тұрмыстық бұйымдар, нумизматикалық және зергерлік заттар, қару-жарақ түрлері, сонымен қатар ХІ ғасырдың аяғы мен ХІІ ғасырдың басында өмір сүрген діндар, ислам дінінің уағыздаушысы, түркі сопыларының бабасы, әйгілі Қожа Ахмет Ясауидің ұстазы, һәм тәлімгері Арыстанбаб әулие және оның кесенесі туралы тарихи деректемелер көпшілік назарына ұсынылды.
Көрмені ашу құрметі «Рухани жаңғыру» орталығының бөлім басшысы, филология ғылымдарының кандидаты, түркітанушы Серікбай Қосановқа берілді.Көрме барысында, қонағымыз,Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің» бас қор сақтаушысы Ералы Төрендіұлы сөз сөйлеп,музей қорына сыйлық табыстап,көрмемен таныстырды.Көрме сыр жұртшылығының назарына 12 -желтоқсанға дейін ұсынылады.Өркениеттің алтын діңгегі, киелі Отырар тарихын тамашалаңыздар!