Басты бет

Енгізілді: 21.09.2018Қаралғаны: 57 рет
Ұлтының ұлы ұстазы

Ү.ж. 21 қыркүйек   күні сағат 11.00-де облыстық тарихи-өлкетану музейінде Елбасының  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық  мақаласы аясында,  ұлтымыздың әлеуетін көтеру мақсатында Қазақстан халқы тілдерінің күніне  орай, музей қорында сақталған латын әліпбиінде жарық көрген  құжаттар, кітаптар мен жазбалардан «Тіл – тұмар, бір шынар» атты фотокөрме  ұйымдастырылды. Сондай-ақ, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының 145 жыл толуына орай №5 И.В. Панфилов атындағы мектеп-лицейінің оқушылары мен мұғалімдерінің қатысуымен «Ұлтының ұлы ұстазы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.