Басты бет

Енгізілді: 15.06.2018Қаралғаны: 207 рет
"Тарих толқынында"

2018 жылдың 15 маусым күні Қызылорда облыстық музейі "Рухани жаңғыру" орталығымен бірлесе отырып, "Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы" жобасы бойынша "Тарих толқынында" атты тарихи-танымдық саяхат ұйымдастырды. Саяхатқа "Рухани жаңғыру" орталығы тарапынан Қызылорда қалалық оқушылар маслихатының белсенді жастары тартылып, ежелгі Жетіасар мәдениеті ескерткіштерінің бірі - Жалпақасар қалашығына, ортағасырлық Сөртөбе қалашығына және Қорқыт Ата тарихи-мемориалдық кешеніне облыстық музейдің "Археология және этнография" ғылыми зерттеу бөлімі қызметкерлері тарихи-танымдық экскурсия жүргізді. Саяхат барысында оқушылар ежелгі және ортағасырлық қалалардың тарихымен, сәулет өнерімен, тұрмыс-тіршілігімен танысты. Оқушылар бір мезет сол уақытқа оралып, сан ғасыр бұрын өмір сүрген халықтың табанының ізі жатқан жерде тұрып, қолдарының табы қалған бұйымдарды ұстап, ерекше әсерде қайтты. Жастар бір сәт археолог ретінде өз қолдарыммен ескі керамикалық ыдыстардың сынықтарын тауып, ғасырлар арасындағы тылсым байланысты сезінді. Саяхатқа 25 оқушы, "Рухани жаңғыру" орталығының, Қызылорда облыстық музейінің қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.