Басты бет

Енгізілді: 14.06.2018Қаралғаны: 143 рет
Әлібек Баймұратұлының «Герой времени» атты жеке шығармашылық көрмесі

Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы Көркемсурет галереясы мен Q MED "Сана-Сезім" ЖШС ұйымдастыруымен, жас тарихи график суретші - Әлібек Баймұратұлының «Герой времени» атты жеке шығармашылық көрмесін 2018 жылдың 14-24 маусымы аралығында өткізіледі. Сонымен қатар, 18-24 маусым аралығында қаламыздың жас суретшілерімен Галереяның ИЗО студиясында шеберлік сағаттарын өткізеді. Көрме «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойына арналады, көрме 14 мамыр күні сағат 10.00 де ашылды.

         Қойлақаев Әлібек Баймұратұлы - жас тарихи график суретші, сонымен қатар сәнді киімдердің дизайнері, кітап иллюстраторы. Жас қылқалам шеберінің туындыларынан өзіндік ерекшелік, айрықша қолтаңбаcын анық аңғаруға болады. Ноғай ұлтынан шыққан талантты ресейлік суретші өз еңбектерінде ата-бабаларының ұстанған салты мен дәстүрін тақырыптық арқау етіп келеді.

         Қазіргі таңда Әлібек өзі жинаған мол тәжірибемен бөлісуді көздейді. Өзге суретшілерге арнайы шеберлік-сағаттарын ұйымдастырып, жас шеберлерге дәріс береді.