Басты бет

Енгізілді: 26.03.2018Қаралғаны: 186 рет
Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде Халықаралық Аралды құтқару қорының 25 жылдығы және 26 наурыз – «Арал теңізінің күніне» орай «Арал теңізінің экологиялық ахуалы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды

Бүгінгі дөңгелек үстелге Халықаралық Аралды Құтқару Қоры жұмысының ойдағыдай жүзеге асуына атсалысып келе жатқан елімізге белгілі азаматтар – ҚазКСР мелиорация және су шаруашылығы экс-министрі, Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының Ғылыми-ақпараттық орталығы Қазақ филиалының директоры Қыпшақбаев Нариман Қыпшақбайұлы, ҚазКСР балық шаруашылығының экс-министрі, Арал ауданы «Шарткен-Ата» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Саржанов Құдайберген, Халықаралық Аралды құтқару Қорының Қазақстан Республикасындағы атқарушы дирекциясының директоры Бекнияз Болат Қабыкенұлы, «Қазақстанның биологиялық әралуандылығын сақтау қоры» Корпоративтік қоры жобасының Ұлттық менеджері Асылбеков Асылхан Дайырұлы қатысты. Дөңгелек үстелді Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі, Халықаралық Аралды Құтқару Қорыжәне Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бірлесе ұйымдастырды.

Шара барысында ғалымдар, жанашыр азаматтар, зерттеушілер Арал проблемасын талқылап, қайта толтырудың, сақтап қалудың әдіс-тәсілдерін ортаға салды.

                                  

Уақыты:  26 наурыз, 2018 ж. сағ. 11.00

Өткізген орны: Қызылорда облыстық музейі фойесі