Басты бет

Енгізілді: 20.01.2018Қаралғаны: 40 рет
Сыр өңірі қазақтарының этно-мәдени болмысы

2018  жылдың 20 қаңтар күні   Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде

ХІХ -ХХ ғғ. Қызылорда облысы аумағында  өмір сүрген  қазақтардың  тұрмыс-тіршілігін, шаруашылық кәсібіін көрсету мақсатында  Сыр өлкесін зерттеген орыс зерттеушілерінің еңбектеріндегі қазақтардың фотоархивтік материалдарынан "Сыр өңірі қазақтарының этно-мәдени болмысы" атты  этнографиялық- танымдық  көрме  ұйымдастырылды. 

Қазақ халқының әртүрлі өңірлерде аймақтық ерекшеліктерге қарай тарихи мәдениеті, дәстүрлі шаруашылықты жүргізу ерекшеліктері, материалдық және рухани мәдениеті әртүрлі қалыптасады. Көрмеде Сыр қазақтарының қоныстану тарихы, тұрмысы, дәстүрлі шаруашылығы, қоғамдық қатынастары, материалдық мәдениеті, соның ішінде баспанасы, тұрмыстық бұйымдары, киім-кешектері, рухани мәдениеті, яғни отбасылық әдет-ғұрыптары, халықтық білімдер жүйесі, наным-сенімдері, некелесуге, өлікті жөнелтуге қатысты жосын-жоралғылары қамтылған. 

Көрме мәңгі өшпес құндылықтарымызды көрсету арқылы қала жұртшылығы мен қонақтарына эстетикалық тұрғыда рухани әсер сыйлағаны сөзсіз.