Басты бет

Енгізілді: 29.08.2017Қаралғаны: 77 рет
«Менің сүйікті қалам Қызылорда» атты фотокөрмесі

Қызылорда қаласының қалыптасу тарихы бұрынғы маңызын жоғалтпай, тек аты ғана бірнеше рет өзгергенімен (Ақмешіт – 1818 жылы, Перовск – 1853 жылы, қайтадан Ақмешіт – 1922 жылы, Қызылорда – 1925 жылы), әр кезеңде Сыр бойы атрабының әлеуметтік және мәдени орталығы болып қалыптасты. Ақмешіт 1818 жылы Қоқан хандығы кезінде Сырдария бойында алғаш қорған ретінде салынған. Оның ішіндегі ақ кірпіштен өрілген мешіттің түсіне сай бекініс Ақмешіт деп аталды. 1853 жылғы 28 шілдеде Орынбор генерал-губернаторы В.А.Перовский Сыр қазақтарын қорғауды сылтауратып орыс әскерлерімен қамалға басып кіріп, қоқандықтарды қаладан қуып шығады. Қала Перовск аталып, 1867 жылы ол Сырдария уезінің орталығына айналады. 1925 жылдан бастап қаланың аты Кзыл-орда (қызыл әскери атынан), ал 1997 жылдан бастап Қызылорда деп аталған. Біздің қаламызға арнап көркемсурет галереясы   29 тамыз -4 қырқүйек аралығында 30- тамыз ҚР Конституция күніне орай «Менің сүйікті қалам Қызылорда» атты фотокөрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде   қазіргі қаланың көрінісін көруге болады,атап айтсақ қазіргі салынып жатқан мектептер, ауруханалар, жаңа үйлер,  әрі қарай  21 ғасырдың жаңа қаланың  жобасын көруге болады.