Басты бет

Енгізілді: 06.07.2017Қаралғаны: 76 рет
«Астанам - жұлдызым» атты мәдени іс-шара өткізілді

2017 жылғы 6 шілде күні, сағат 10.00-де Қазақстанның Елордасы – Астана күні мерекесіне орай, Арай-Санрайз лагерінде Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен «Астанам - жұлдызым» атты мәдени іс-шара өткізілді. Аталмыш шараға  Арай Санрайз лагерінде демалушылар, №187 М.Шоқай, №9 Н.Ілиясов атындағы орта мектептердің өнерлі оқушылары қатысты. Мереке «Астанам - жұлдызым» атты оқушылар арасындағы жыр мүшайрасымен басталып, жас суретшілер арасында болатын «Менің Астанам» атты сурет салу  сайысына ұласты.

Балалар өз ойларындағы Астананы барлық ынта-жігерлерімен қиял теңізіне жүзе отырып өздерінің балауса жырларына қосып және бейнелеп салды. Шараға қатысушы барлық өнерпаздарға  арнайы алғыс хаттар берілді. Сондай-ақ, барлық қатысушы балаларға сыйлықтар таратылды.

 

Шара соңы бүгінгі күнге дейін Астананың жеткен жетістіктерін көрсету мақсатында Астана күніне орай дайындалған «Астана: Кеше және бүгін» атты арнайы бейнероликті  тамашалады. Астана күніне орай өткізілген бұл шараға демеушілік жасаған қаламыздағы Петро Қазақстан Құмкөл ресорсиз мұнай компаниясына зор алғысымызды білдіреміз.