Залдар

Этнография залы.

Табиғат  бөлімінде  ауданның  жер  бедері,  ауа - райы,  емдік  қасиеті  бар  шөптесін  өсімдіктер  мен  жануарлар  дүниесі  жөнінде  баяндалады.  Этнография  залында  қазақтың  киіз  үйі, ұлттық  киімдер,  шеберлердің  қолынан  шыққан  ер—тұрмандар,  зергерлік  бұйымдар,  ат  әбзелдері,  қару – жарақтар,  ағаш  ыдыстар  мен  мал  терісінен  жасалған  бұйымдар  қойылған.  Сонымен  қатар  билік еткен қазақ хандары, билері , батырлары экспозицияда  орналасқан.

 

Тұлғалар залы.  

Аудан  тарихының  құрылуынан бастап, елді басқарған  басшылардың және әр салада қызмет атқарған тұлғалардың  фото-суреттері,  құжаттары  қойылған. Сонымен  қатар , мемлекет  қайраткерлері,  ақын – жазушыларымыз ,   Ұлы  Отан  соғысы  мен ауған  соғысының  ардагерлері  мен  еңбек  ерлері,  қуғын – сүргін  құрбандары  туралы  мұралар  өлкемізді  тануға  негізделген.

Тәуелсіздік  залы. 

Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік    рәміздері,  ірі  тарихи  маңызы  бар  оқиға – Ата  заңымыздың  т.б.  құжаттардың  қабылдануы,  Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Астананы Ақмолаға көшіру туралы шешімі,әлемдік ұйымдармен келісім және мүшеліктер, Қазақстандық көшбасшылық партия «Нұр Отан» партиясы, этностар бірлігі Ассамблея, Байқоңыр ғарыш айлағы,Елбасының Сыр еліне сапары,   сондай – ақ,  Республикалық «100 аурухана, 100 мектеп» бағдарламасы бойынша ауданда тұрғызылған мектептер мен медециналық бекеттер, және де тәуелсіздік жылдарынан бергі өз өнімдерін халыққа ұсынып отырған кәсіпкерлердің жеткен жетістіктері, өңдірген өнімдері   музей  экспозициясында  орын  алған.

     2019 жылдың ақпан айынан бастап, облыс әкімінің 28 желтоқсан 2018 жылғы №1301 санды қаулысының негізінде «Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК-ның «Қазалы аудандық тарихи-өлкетану музейі» филиалы болып қайта құрылды.

+7-7242-263252

Сұрақтарыңыз бар ма?

Бізге хабарласыңыз немесе хат жазыңыз

Хат жазу