Тарихы

Қазалы аудандық тарихи-өлкетану музейі филиалы

 

 

       Қазалы аудандық тарихи - өлкетану музейі  2014 жылдың қыркүйек айынан бастап іске қосылды. Аудандық бюджеттен бөлінген 16853,0 мың теңгеге музей  көрме залының ішкі экспозиция жұмыстары жасалды.

 2015 жылдың  22 қаңтар күні аудандық қаржы басқармасының № 33 бұйрығымен «Қазалы аудандық Ғани Мұратбаев мемориалдық музейі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнынан 4015 құнды жәдігерлерді өз теңгерімімізге  алдық. Ал қазіргі таңда музей қорында 4540 -қа жуық экспонат бар.

 Музейдің  мақсаты - өлке  тарихын,  табиғатын,  экономикасын,  археологиясын,  архитектуралық  ескерткіштерін, этнографиясын, тарихи  деректер (ақын – жыраулар,  ұсталар,  бақсы – балгерлер  т.б.),  естеліктер  мен   ескерткіштерін   іздестіру, тарихи  маңызы  бар  құнды  жәдігерлерді  жинау,  зерттеу,насихаттау оларды  қорда  сақтау.

Музейдің  міндеті – музей  қорындағы  экспонаттар  мен  фото құжаттардан  музей  экспозициясын  жасақтау,  өлке  тарихын, археологиясын,  архитектуралық  ескерткіштерін, этнографиясын  халық  назарына  ұсыну  оларды  насихаттау.  Халықпен етене араласып жұмыс жасау, халық үшін қызмет ету.

Музей  залдары  145,9 кв. шаршы  метрді  алып  жатқан  3  залға  орналасқан

+7-7242-263252

Сұрақтарыңыз бар ма?

Бізге хабарласыңыз немесе хат жазыңыз

Хат жазу