Коллекциялар

Археология коллекциясы 

Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейінің археологиялық топтамасынааудан аумағында орналасқан ежелгі Шірік-Рабат, Бәбіш Мола, ортағасырлық Сортөбе қалашығынан археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған 1387 экспонат кіреді. Олардың көпшілігі ежелгі Бәбіш Мола қалашығы мен ортағасырлық Сортөбе қалашығынан табылған.

Бәбіш Мола қалашығынан табылған үлкен көлемді қыш ыдыстар – хұмдардың бірнеше түрлері бар. Хұмдардың сыртқы беті ашық, қанық қоңыр және қанық қызыл түсті ангобпен көмкерілген. Бұл ыдыстар б.з.д. IV-II ғ.ғ мерзімделетін парфия, бактрия және Хорезм ескерткіштерінің ыдыстарымен салыстыруға болады.

Музейде Сортөбенің қалашығынан табылған керамикалық ыдыстардың көптеген түрлері кездесе. VII-VIII ғғ. мерзімделетін бұйірі иінді, қабырғасы бүйірінен ернеуіне қарай сыртқа иілген тостағандар (қызыл ангоб) Жетіасар III кезеңімен мерзімделетін ескерткіштерден және Отырар қаласынан табылған. Сонымен қатар, Жанкент қазбаларынан табылып жүрген ІХ-Х ғғ. мерзімделетін үстінде батырып салынған сызықты өрнектері бар қақпақтар, ернеудің сыртындағы жапсырмаға қатты затпен батырып өрнек салынған ыдыстар және әртүрлі мақсатта пайдаланылған «қошқар бастар» көп кездеседі.

Этнография коллекциясы

Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейінің қорында 268 дана  этнографиялық экспонаттар коллекциясы қазақ халқының сан ғасырлар бойы қалыптасқан тұрмысы мен дүниетанымдық көзқарастарынан, бай рухани және материалдық мәдениетінен сыр шертеді. Музей экспозициясында тұрмыстық және халықтық қолданбалы өнері бұйымдары, қазақ халқының киім-кешектері мен кілем тоқу өнері, ұстаның көрігі, ат әбзелдері, қазақ халқының зергерлік бұйымдары музей келушісіне ұсынылған. Сонымен қатар музей қорында қазақ мәдениетінің бірегей символы – киіз үй жабдықтары сақтаулы.

+7-7242-263252

Сұрақтарыңыз бар ма?

Бізге хабарласыңыз немесе хат жазыңыз

Хат жазу