Залдар

«Өлке тарихы» залында орналасқан экспозицияның орналасу жүйесі Қармақшы ауданының хранологиялық шеңберіне қарай кіріспе, археология,этнография,(тұрмыс тіршілік, әуез аспабы, бес қару, ат әбзелі, зергерлікбұйымдар т.б), қазақ хандығының құрлуы, қазақ-жоңғар қақтығысы,ұлт-азаттық көтеріліс, Патшалық Ресейдің Орталық Азияға етене енуі,алғашқы темір жол құрлысының салынуы, Алаш қозғалысы, кенес үкіметінің орнауы, ашаршылық, қуғын сүргін, 1941-1945 жылдардағы ҰОС және Қармақшы ауданы бойынша барлық сала майталмандары мен ардагерлері (ауыл шаруашылығы,білім,өнер,мәдениет,медицина,спорт т.б) толық жүйелі түрде орналасқан.

«Тәуелсіз Қазақстан»  залында Қазақстан Республикасының 1991 жылы Тәуелсіздік алған күннен бастап қазіргі уақытқа дейінгі тарихи кезеңдер хронологиялық шеңбермен жүйелі түрде ретімен  нақты көрсетілген.

 Экспозициялық залда Тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқының елеулі оқиғасы 1986 жылғы «Желтоқсан оқиғасынан» басталып, Қазақстан Республикасының  мемлекеттік рәміздері – Елтаңбасы, Ту, Әнұран, ұлттық валютасы, сондай – ақ, біздің мемлекетіміздің жаңа Елордасы – Нұрсұлтан қаласының қалыптастыру кезеңдерін бейнелейтін экспонаттар, әлемдік ұйымдармен келісім мен мүшеліктер,Қазақстан Республикасының Конституциясы, қазақстандық көшбасшы партия «Нұр Отан» партиясы, этностар бірлігі Ассамблея, Байқоңыр ғарыш айлағы, Елбасының Сыр еліне сапары, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізі,әлеуметтік нысандармен, экономикалық бағдарламалардан қамтылған.

2019 жылдың ақпан айынан бастап,  облыс әкімінің 28 желтоқсан 2018 жылғы  №1301 санды Қаулысының негізінде «Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК-ың«Қармақшы аудандық тарихи-өлкетанумузейі» филиалы болып қайта құрылды.

+7-7242-263252

Сұрақтарыңыз бар ма?

Бізге хабарласыңыз немесе хат жазыңыз

Хат жазу