Залдар

Музей үш көрме залынан тұрады.

І зал: «Сыр өңіріндегі күріштің даму тарихы» деп аталады. Күріш ерте заманнан келе жатқан ауыл шаруашылық дақылы. Шыққан жері дәл анықталмаған. Н.И.Вавиловтың және басқа да ғалымдардың пікірі бойынша бұдан мыңдаған жылдар бұрын Үндістанда күріш өсіру пайда болған. Закавказье, Орта Азия және Қазақстан территорияларында күріш өсіру б.э.бұрын ІІІ-І ғасырларда пайда болған. Бұл өңірде ертеден күріш өсіргендігін археологиялық қазбалардан, қазақтардың арғы тегі түріктердің жазба нұсқаларымен сөздік лексикаларындағы «Тұтырған» - күріш деген сөзі Махмұд Қашқаридің атақты сөздігінде жазылған.

ІІ зал:- «Ыбырай және оның жетістіктері» деп аталады. Ы.Жақаев қоғам қайраткері, халқының қалаулысы болғандығы және шет елдерде сапары, өмірінің соңына дейінгі еңбек жолдары, 1964 жылы облыс жастарына жазған Үндеу хаты, осы хат негізінде Жахаевшылар қозғалысының басталу кезеңі экспозицияланған.

Ы.Жақаев атамыз Қарғалы деген елді мекенде кедей шаруа отбасында туылған.Ұлы Қазан Социалистік революциясы жеңгеннен кейін қазақ ауылын советтендіру, ауыл шаруашылығын ұжымдастыру ісіне белсене араласты. 1929 жылы «Қызылту» колхозына мүше болып кіріп, оның алғашқы басшыларының бірі болды.

ІІІ зал: - «Еңбек майталмандары және Тәуелсіздік» деп аталады. Ы.Жақаевтың облыс көлеміндегі ізбасарлары және аудан көлемінен шыққан еңбек майталмандарының еңбек жетістіктері, Жақаевшыл жастардың екпінді еңбегі экспозицияланған.

1986 жылғы қазақ жастарының Кеңес өкіметі саясатына қарсы шыққан кездегі жастардың алаңға шығып жасаған бейбіт шеруі кезіндегі суреттер көрсетілген.

 

+7-7242-263252

Сұрақтарыңыз бар ма?

Бізге хабарласыңыз немесе хат жазыңыз

Хат жазу