Тарихы

Ыбырай Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейі филиалы

Ыбырай Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейі 1978 жылдан 1982 жылға  дейін облыстық тарихи-өлкетану музейінің Шиелі ауданындағы филиалы негізінде құрылып, Қазақ ССР Министрлер кеңесінің №150-р қаулысымен 30 сәуір 1982 жылғы және Қазақ ССР Мәдениет Министрінің 13 мамыр 1982 жылғы № 167 бұйрығына сәйкес, Ыбырай Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейі болып ашылды.

2019 жылдың ақпан айынан бастап,  облыс әкімінің 28 желтоқсан 2018 жылғы  №1301 санды Қаулысының негізінде Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің Ы.Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы  музейі филиалы болып құрылды.

Музей қызметінің негізгі мақсаты – музей жәдігерлері мен клоллекцияларын сақтау, зерделеу және көпшілікке көрсету, әдени, білім беру және ғылыми-зерттеу функцияларды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасын көпшілікке таныту болып табылады. Жалпы музейде 10000-нан аса экспонаттар жинақталған.

Музей үш көрме залынан тұрады.

+7-7242-263252

Сұрақтарыңыз бар ма?

Бізге хабарласыңыз немесе хат жазыңыз

Хат жазу