Залдар

Музей экспозициясы Қазақстан мен Орта Азия жастарының жалынды жетекшісі, КИМ-нің Шығыс бөлімінің меңгерушісі, демократ-ағартушы, көрнекті қоғам қайраткері, «Жас Алаш» газетінің тұңғыш редакторы Ғани Мұратбаевтың өмірі мен қоғамдық қызметіне арналған.

Кіре беріс залда Ғанидың гипстен жасалған бейнесі (авторыЕсім Егдебаев),

«Арман дала»  гоболені қойылған. (авторы Шәміл Қожанов)

 

Музейдің І-ІІ залдарыҒани туған өлкенің тарихына арналады. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Жанкент шаһары жайлы және ата-бабамыз пайдаланған ағаш табақ, ожаулар, темір  құлыппен  екі кілтті кісен қойылған. Қазалы уезіне байланысты материалдар және халық Батырлары, олар қолданған қару-жарақтар мен Қазалы қаласының өлкедегі темір жол құрылысының тарихына шолу жасалған. Сонымен қоса ХІХ ғасырда пайдаланылған ауыл билерінің мөрлері мен ауыл старшинасының лауазым белгісі, қоңырау, алғашқы отарба (паравоз) макеті орын алған. 

III-VIІ-залдар экспозициясы Ғани Мұратбаевтың балалық шағы мен Жастар Одағының құрылуы, жастардың алғашқы съезінің құжаттарымен басталып, Ғани Верныйда оқытушылар даярлайтын курста лектор, РКСМ Орталық Комитетінің   Орта Азиялық бюросының мүшесі, Түркістан Республикасы Жастар Одағы Орталық Комитетінің жауапты хатшысы болып қызмет істеген құжаттары, киген киімі, өз қолымен толтырған анкеталары мен Хорезм АССР-і марапаттаған ордені қойылған. А. В. Затаеевичтің «Қазақтың 1000 әні» кітабына енген Ғанидың айтуымен жазылған «Дудар-ай», «Қатын жырау» әндерінің нотасы, «Жас Алаш» газетінің тұңғыш номері, Ғани марапатталған орден орналастырылып, диорама арқылы Ғанидың Ілияс Жансүгіров, Сара Есовалармен бірге газеттің кезекті санын талқылау сәті көрсетілген.

Ғанидың партиялық билеті, Қазалыда алғаш ұйымдастырылып, Ғанидың көзі тірісінде оның атымен аталатын пионер ұйымы мүшелерінің фотосуреті  және 1984 жылы Қазақстан Жастар Одағы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Серік Әбдірахманов сыйлаған «Әкелер жастығы» деп аталатын ағаштан ойып жасалған кәдесый (сувинер), Түркістан Республикасы Жастар Одағы Орталық Комитетінің Туы, Ғани Мұратбаевтың КИМ-дағы қызметі, Ғани өмірінің соңғы кезеңі осы залдан орын алған. Сонымен қатар, Ғанидың жұмыс кабинеті жабдықталып,  Ғаниды ақтық сапарға шығарып салу  және Ғанидың замандастарынаарналған. Қазақстан қалаларында тұрғызылған  ескерткіштерінің фотосуреттері, Ғани Мұратбаев туралы жазылған кітаптар, Мәскеудегі Ваганьков зиратындағы Ғани қабірі басынан әкелінген топырақта осы залдан орын алған.

Ғанидың жұмыс кабинеті

Залдан көрініс 

 

Диорама.  «Жас Алаш» газетінің келесі саны жоспарлануда

Ғани заманында киген киімнің үлгісі мен тұтынған заттар

 

ҮІІ- зал экспозициясы

Ғанидың ізбасарларына арналған. Қазалы жастар ұйымының тарихы, Ғанидың ізбасарлары- аудандық   комсомол комитетінің хатшылары және тәуелсіздік жылдары  басқарған комсомол жетекшілері, БЛКЖО, Қазақстан комсомол сыйлығының лауреаттары, комсомол- жастар бригадалары, Ғани сыйлығының тұңғыш иегерлерінің  фотосуреттері мен құжаттары, марапаттары қойылған.

Тәуелсіздік залында Елбасы және Елбасының әр жылдарда халыққа арнаған Жолдауы мен «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасы, ел рәміздері мен авторлары, Желтоқсан көтерілісінің құрбандары, жанашырлары мен қазақтың тұңғыш ғарышкерлері, Астана қаласы, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың  «Рухани жаңғыру» мақаласына орай фотосуреттер мен мәліметтер берілген.

+7-7242-263252

Сұрақтарыңыз бар ма?

Бізге хабарласыңыз немесе хат жазыңыз

Хат жазу