Басшылық

Асанова Роза Шорақызы

1969 жылы 29 мамырдаҚызылордаоблысы, Қазалыауданы, Арықбалықауылдықкеңесіндедүниегекелдім.  1976-1986 жылдараралығындаҚазалықаласындағыҒаниМұратбаеватындағы №17  қазақ орта мектебіндеоқып, білімалдым.

Алғашқыеңбекжолымдыаудандықтуберкулезгеқарсыдиспансеріндетазалықшыболыпбастадым.

   1987 жылдан 1997 жылға дейін қалалық тұтынушылыр одағында (горпо) сатушы,  1990-1991 жылдар аралығында бухгалтерлік курсты оқып бітірдім.

       2003- 2008 жылдар аралығында Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата мемлекеттік университетінің тарих, экономика, құқық негіздері факультетін оқып, тарихшы мамандығы бойынша бітіріп шықтым.

2003-2015 жылдары   Ғани Мұратбаевтың мемориалдық музейінде ғылыми қызметкер;

  2015 жылдың мамыр айынан бастап,  музей меңгерушісі болып қызмет атқарудамын.

2018 жылдан «Nur Otan» партиясының мүшесімін.

2018 жылдан  «Нұр Отан» партиясы  Қазалы аудандық филиалы жанындағы  «Қазалы»  бастауыш партия ұйымының төрайымы;

2019 жылдың қазан айынан Қазалы аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы;

Жанұялымын. Отбасымда жолдасым екеуміз үш бала тәрбиелеп отырмыз.

Жетістіктерім:                              

2006 жылы Қызылорда облыстық музей қызметкерлері арасындағы байқаудың  «Үздік экскурсия жүргізуші» номинациясын иелендім.

2007 жылы Қызылорда облыстық мәдениет қызметкерлері байқауының  «Жаңару мен жаңғыртудың жаршысы» номинациясымен марапатталдым.

    Қызылорда қаласында  ұйымдастырылған «Алтын дән-2010», «Алтын дән -2014» этноауыл көріністері байқауының бас жүлде иегері;

2015, 2019  жылдары  Қызылорда облыстық әйелдер форумының делегаты;  

   2018 жылы Республикалық Тұлғалық музейлер қауымдастығы алғашқы құрылтайының делегаты,  басқарма алқасының мүшесімін.

ҚР Мәдениет министрі А. Мұхамедиұлының   Алғыс Хаты (2018ж), ҚР Мәдениет министрінің Сертификаты (2018ж), Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті, академик Ө.Айтбайұлының Құрмет грамотасымен,  Қызылорда облысы әкімінің (2016ж, 2019 ж),  Қызылорда облысы мәдениет басқармасының (2009, 2014, 2017ж, 2018, 2020 ж), «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалының «Құрмет Грамотасы» (2015ж), Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер  және құжаттама басқармасының Құрмет Грамотасы (2018ж),  Шалқар ауданы  әкімінің (2018ж), Қазалы  ауданы, Қазалы қаласы әкімдерінің (2008,2010, 2013,2014,  2017ж, )  Алғыс хаттарымен марапатталдым.

+7-7242-263252

Сұрақтарыңыз бар ма?

Бізге хабарласыңыз немесе хат жазыңыз

Хат жазу