Залдар

Арал қалалық тарихи музейі экспозициялық залы 

Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісов 1924 жылы 22 қазанда Қызылорда облысы, Арал ауданының Құланды елді мекеніне қарасты Үшкөң ауылында дүниеге келген. Қазақстанның халық жазушысы, XX ғасырда қазақ әдебиетіне зор үлес қосқан суреткерлердің бірі, қоғам қайраткері.

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы ардагері, Оңтүстік және Прибалтика майданында, Луганск түбінде миномёт ротасында саяси қызметкер, кейін штабист ретінде Балтық маңында Курляндия плацдармындағы шайқастарға қатысқан.

1956 жылы М.Горький атындағы Әдебиет институтын бітірген. 1962-1964 жылдары «Жұлдыз» журналының бас редакторы болды.  халықаралық Қазақ ПЕН клубының президенту.

Әдебиетке 1947 жылдан араласа бастады. Тұңғыш шығармасы – Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған «Курляндия» романы 1950 жылы жарық көрді. Бұл шығармасы үшін жазушыға Жамбыл атындағы республикалық сыйлық берілді. «Курляндия» романын кейіннен өңдеп, толықтырып, 1958 жылы «Күткен күн» десен атпен қайта жариялады. «Қан мен тер» трилогиясы (1-кітап – «Ымырт», 1961; 2-кітап – «Сергелдең», 1964; 3-кітап – «Күйреу», 1970) және «Сең» (1983), «Соңғы парыз» (1999) романдары дүние жүзі халықтарының көптеген тілдеріне аударылған.

Музей қорында  жазушының орыс, болгар, поляк, румын тілдеріне аударылған шығармалары бар.

Экспозициялық залда жазушының қоғам қайраткерлерімен, зиялы қауым өкілдерімен, өз замандастарымен, отбасымен түскен суреттері орналасқан. Жазушыға шығармашылықпен айналасуға барлық жағдай жасалған, себебі мұнда жазушының жұмыс кабинеті, жатын бөлмесі, ас бөлмесі, жуынатын бөлмелері орналасқан.

1978 жылы Әзірбайжан Мамбетов пен Юрий Мастюгин Әбдіжәміл Нұрпейісовтің "Қан мен тер" романының желісі бойынша екі бөлімнен тұратын кино түсірді.  Фильм 1979 жылы Мәскеуде өткен КСРО-ның Алтын медалін және Ашхабад қаласындағы өткен кинофестивальда "Ең үздік тарихи-революциялық фильм" номинациясы бойынша бірінші жүлденің иесі атанды.

2008 жылғы 14 қараша күні Ақтөбе қаласында "Қан мен тер" трилогиясының кейіпкерлеріне арналған Ерік Жауымбаевтың ескерткіші ашылды. Бұл Қазақстандағы әдеби туындының кейіпкерлеріне арналып жасалған алғашқы туынды. Ескерткіш Ақтөбе облыстық Сақтаған Бәйішев атындағы кітапхананың алдында орналастырылған.Мүсіндік копозицияда "Беларан" аралындағы романның негізгі жеті кейіпкері және ит мүсінделген.
КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1974). 2001 жылы Мәскеудегі Халықаралық Әдеби қордың «За честь и достойнство», 2003 жылы Халықаралық М.Шолохов атындағы сыйлықтардың лауреаты атанды. Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі», «Халықтар достығы» (1984), «Отан» (1994) ордендерімен және медальдармен, РСФСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет Грамотасымен марапатталған. 1985 жылы Қазақ КСР Халық жазушысы құрметті атағы берілді.

2015 жылы 15 қарашада Ә. Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романының кейіпкерлері Жәдігер мен Бәкизатқа арналған символикалық белгінің ашылуы болды. Салтанатты шараға жазушы өз отбасымен келіп қатысты. Қоладан құйылған белгінің биіктігі 2 метр 50 см, ені 3 метр 60 см, авторы Ақтаулық мүсінші Көшер Байғазиев.

2019 жылы 22 қазанда жазушының 95 жасқа толған мерейтойына орай ҚР Президенті Қасымжомарт Тоқаев Ә. Нұрпейісовке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді. Осыған орай «Қазығұрт» баспасынан қаламгердің жеті томдық шығармалар жинағы жарық көрді.                             

Әбдіжәміл Нұрпейісовтің өмір жолдарынан  мағлұмат  беру, әлемге ой салған тың шығармаларымен таныстыру,басылым беттеріне жарияланған ұлт саясатының өзекті мәселелерін алға тартқан өткір мақалалары көрермен назарына ұсынылды

Арал теңізінің талан-таражға түскен тағдырын жырлауға,ғұмырының тең жартысын арнаған ұлы жазушы Аралға төнген қауіпті сезген бейнебір қызғышқұс іспетті.Тек қана Аралдың емес Адамның тағдырын тәлкекке түсірген  экологиялық алапат апатты дәл жазушыдай сезініп,тебіреніп толғаған жан жоқта шығар сірә... Ұлы жазушының кешегі аумалы-төкпелі замандағы дала тұрмысының қат-қабат шежіресін шерткен, Арал даласының аптабы мен теңіз сарыны есіп тұратын трилогиясы,яғни үш кітаптан тұратын «Қан мен тер» романы қазіргі таңда әлемнің 35 тіліне аударылған.Сонымен қатар жазушының ұзақ жылғы терең толғаныс пен тебіреністен туған тың шығармасы «Соңғы парыз» романы ұсынылды. Аралдың улы аймаққа айналуы, саулығы дімкәс ана, аурулы ұрпақ – сомдалған «Соңғы парыз» романы – жазушының соны шығармасы болып қала бермек.Жазушының қоғам қайраткерлерімен,зиялы қауым өкілдерімен,өз замандастарымен,отбасымен түскен суреттері, 95жасқа толған қаламгердің мерейтойына жолданған жеделхаттары, мерейтой иесіне арнайы салынған бояқтар.

Экспонат атауы

Түр сипаты

Саны

1

Кітаптар

Түпнұсқа

40

2

Бояқтар

Түпнұсқа

2

3

Баспасөз беттерінен үзінді

Көшірме

40

4

Фотосуреттер

Көшірме

31

5

Жеделхаттар

Түпнұсқа

10

 

+7-7242-263252

Сұрақтарыңыз бар ма?

Бізге хабарласыңыз немесе хат жазыңыз

Хат жазу