Тарихы

«Қызылорда облыстық тарихи – өлкетану музейі» коммуналдық   мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының

«Арал қалалық тарихи музейі» филиалы

«Арал қалалық тарихи музейі» коммуналдық мемлекеттік  қазыналық кәсіпорны  Арал ауданы әкімдігінің  2014 жылғы  24 қарашадағы  № 494 қаулысымен  құрылған. Ғимарат 1 қабатты, 9 бөлмеден тұрады. Ғимараттың жалпы алаңы – 1317 ш.м, негізгі құрылыс алаңы – 244,4 ш.м   

Музей 2014 жылы 4 желтоқсанда қазақ әдебиетіне зор үлес қосқан қоғам қайраткері, халық жазушысы, ұлы суреткер Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісовтің 90 жасқа толған мерейтойына орай, аймақ басшысы Қырымбек Елеуұлының қолдауымен салынып, пайдалануға берілді.

2015 жылы 15 қарашада музей ауласына жазушының «Соңғы парыз» романының кейіпкерлері Жәдігер мен Бәкизатқа символикалық белгі қойылды.          Қоладан құйылған белгінің биіктігі 2 метр 50 см, ені 3 метр 60 см, авторы Ақтаулық  мүсінші Көшер Байғазиев.

2019 жылы 18 ақпанда  «Қызылорда облыстық тарихи – өлкетану музейі» коммуналдық   мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының «Арал қалалық тарихи музейі» филиалы болып қайта құрылды.

 

Экспонаттардың жалпы саны: 744

 

Негізгі қор: 365                                                                              

 

Көмекші қор: 379

 

+7-7242-263252

Сұрақтарыңыз бар ма?

Бізге хабарласыңыз немесе хат жазыңыз

Хат жазу