Залдар

«Ақмешіт-Перовск» қалаларының тарихы

Қаланың Ақмешіт – Перовск кезеңінің тарихы қамтылған.  Ақмешіт бекінісін шамамен 1817 жылы салынуы. Алғашында қамыстан салынған үйлер көп болғандықтан «Қамысқала» аталып, уақыт өте қаланың Қоқан хандығы үшін Сырдарияның бойындағы маңызды Ақмешіт бекінісіне айналуы, сонымен бірге ХІХ ғасырдың 50 жылдары Патшалық Ресей тарапынан жауланып, бекіністің Перовск фортына айналуы тарихы баяндалған.

 

Қызылорда – ҚазАКСР-нің астанасы

 «Қызылорда – ҚазАКСР-нің астанасы» залында Қазақ АКСР-і астанасының Орынбордан Ақмешітке көшірілуі, Қызылорда деген жаңа атаудың берілуі, сонымен қатар қаланың астана болуына ат салысқан зиялы қауым өкілдері мен ағарту, денсаулық сақтау, ең алғашқы театр саңлақтары және  Сыр өңірінен шыққан қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілдері, қаланың сәулет өнері туралы мәліметтер орын алған.

 

Қызылорда қаласының өнеркәсіп және индустрия залы

Зал экспозициясында Кеңестік дәуірде Қызылорда қаласында өндірістің дамуы, яғни өнімі бірінші санатты мемлекеттік сапа белгісімен марапатталған Қызылорда аяқ-киім фабрикасы, әр жыл сайын 86 мың тонна қағаз шығаратын  Қызылорда целлюлоза-картон комбинаты, тамақ өнеркәсібі орындарының тарихы қамытылып, өнеркәсіп орындарының өнімдері қойылған.

 

ХХ ғасырдың басындағы зиялы адамдардың тұрмысын көрсету  /интерьер гостиной/ 

ХХ ғасырдың басында зиялы қауымның өкілдерінің қонақ бөлмесі интерьері орналасқан. 100 жылдан астам тарихы бар шегесіз тұтас ағаштан құрастырылып, ыдыс аяқ салу үшін пайдаланылған үй жиһазы, Еуропа елдерінде жасалған қабырға сағаты, пианино, патефон, тағы да басқа жәдігерлер қойылған.

+7-7242-263252

Сұрақтарыңыз бар ма?

Бізге хабарласыңыз немесе хат жазыңыз

Хат жазу