Тарихы

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің Ақмешіт филиалы

Құрылған жылы - 2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Ақмешіт музейі болып ашылған.

Орналасуы - музей 1905 жылы күйдірілген кірпіштен орыс архитектурасы негізінде салынған ғимаратта орналасқан.

Ерекшелігі: Қызылорда облысы әкімдігінің  2015 жылғы 25 мамырдағы № 19 қаулысына сәйкес ғимарат жергілікті маңызы бар  тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілді.

Ақмешіт музейі 2004 жылы 14 желтоқсанында «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында  облыс әкімінің №  243 қаулысы мен облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы болып құрылды. Ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізіліп, Қызылорда қаласының астана болғанына 80 жыл толуына байланысты музей экспозициясы жасалды,  жалпы көлемі 123,6  шаршы метрден асатын, 4 залдан тұрады.

Экспозициялық  залдарда «Ақмешіт-Перовск» қалаларының тарихы, «Қызылорда – ҚазАКСР-нің астанасы», Қызылорда қаласының өнеркәсіп және индустрия залы, ХХ ғасырдың  басындағы зиялы қауым өкілдері туралы мәліметтер, Қызылорда тарихы жайлы құнды құжаттар экспонаттар қойылған. 

+7-7242-263252

Сұрақтарыңыз бар ма?

Бізге хабарласыңыз немесе хат жазыңыз

Хат жазу