Тарихы

Арал аудандық тарихи-өлкетану музейі 1988 жылы маусым айының 25 –інде ашылды. Кейін Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1988 жылғы 5 тамыздағы қаулысымен дербес мемлекеттік музей болып бекітілді.

Музей үйі қыш кірпіштен 1954 жылы салынған. Бір қабатты ғимарат, бейімделген. Жалпы ауданы – 1009 ш.м. Ғимараттың көлемі 464 ш.м.

«Археология және этнография» залы - 46 ш/м, «Өнер мен әдебиет» залы– 40 ш/м,  «Галерея» залы – 70 ш/м, «Тәуелсіздік» залы – 70 ш/м, музей қоры - 38,8 ш/м. құрайды, бейімделген.

2011 жылы «Тәуелсіз Қазақстан» залына реэкспозициялық жұмыстары жүргізілді.

Музей қызметінің негізгі мақсаты - өткен тарих пен қазіргі тарихты, материалдық және рухани байлықтарды жинақтау, сақтау, жиналған құжаттар мен жәдігерлерді зерттеу және Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасын көпшілікке таныту болып табылады.

«Өткенді айтпай, болашақ жоқ» демекші, адамзаттың өткені мен өшкенін жаңғырту, тарихын ұлықтау, өскелең ұрпаққа таныстыру мақсатында Арал аудандық тарихи-өлкетану музейінің қорында 10000-нан аса жәдігерлер сақталған. Солардың ішінде құнды жәдігерлер музейге келушілер үшін арнайы залдарға қойылған. 

Музейде 5 экспозициялық  зал бар:

- «Археология мен этнография» залы;

- «Өнер мен әдебиет» залы;

- «Өлке тарихы» залы,

- «Тәуелсіз Қазақстан» залы,

- «Галерея» залы

+7-7242-263252

Сұрақтарыңыз бар ма?

Бізге хабарласыңыз немесе хат жазыңыз

Хат жазу