Экскурсиялық-көпшілік бөлімі

Бөлімде 4 адам қызмет атқарады. Бөлімнің басты қызметі экспозициялық залдарға шолу және тақырыптық экскурсиялар, түрлі туристік маршруттық экскурсиялар,  атаулы күндерге орай түрлі іс-шаралар ұйысдастыру, музейлік жобалар мен уақытша көрмелерді ақпаратпен қамтамасыз ету.

Бөлім қызметкерлері экскурсиялық және дәрістік қызмет көрсетіп, кеңінен таныстырады.  Насихаттау, білім беру бағыттары бойынша музей ісінің тиімділігін арттыруда өзінің әлеуметтік қызметіне сай жоспарланған және жоспардан тыс мәдени-шаралар өткізіп, әрбір даталы күндерге сәйкес еліміздің тарихы мен өнерін дәріптейтін шаралар ұйымдастырады. Ғылыми және қоғамдық мерекелерге арнап әртүрлі іс-шаралар, тақырыптық дәрістер, мектеп оқушылары арасындағы конкурстар ұйымдастырады, сонымен қоса әр түрлі деңгейдегі (республикалық, облыстық) конференциялар мен семинарларға қатысып, басқа да музейлермен байланыс жасайды.

Облыстағы туризм саласын дамытуға ат салысады. Мәдени-ағарту қызметінің әр түрлі формаларын жүзеге асырады, бұқаралық ақпарат құралдарымен, жоғары оқу орындарымен, мектептермен тығыз байланыс орнатады. Бөлім қызметкерлері жергілікті телеканалдармен бірлесіп, атаулы күндерге арналған шаралар мен музей туралы түрлі телехабарлар ұйымдастырады. Көпшілікті музей коллекциясымен және қызметімен таныстырады және газет-журнал беттерінде сұхбаттар мен мақалалар дайындайды. Музей залдары бойынша әдістемелік жазылымдар дайындайды, экспозицияға қосылған жаңа экспонат туралы мәліметтер жинақтайды, түрлі тақырыптағы ұйымдастырылатын шараларға шақыру билеттері мен қажетті құжаттарды дайындайды. Музейге  келушілерді  кеңінен  тарту,  халық  арасында  музей  қызметін  жарнамалау  мақсатында музей жанынан құрылған «Мирас» үйірмесі бойынша жұмыстар атқарып,  бизнес-жоспарлар  жасап, жүзеге  асырады. Тапсырыстар бойынша Қызылорда қаласының көрікті және тарихи орындарына маршруттық экскурсиялар ұйымдастырады.

+7-7242-263252

Сұрақтарыңыз бар ма?

Бізге хабарласыңыз немесе хат жазыңыз

Хат жазу