Басты бет » Филиалдар

Шиелі аудандық тарихи-өлкетану музейі

Енгізілді: 24.11.2020

«Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық қазыналық мемлекеттік кәсіпорнының «Шиелі аудандық тарихи-өлкетану музейі» филиалы

 Шиелі аудандық тарихи-өлкетану музейі  Шиелі ауданы әкімінің 2016 жылғы 5 желтоқсандағы №935 қаулысына сәйкес құрылып, ҚР ӘМ Қызылорда облысы әділет департаментінің Шиелі ауданының әділет басқармасының 2017 жылғы 4 қаңтардағы №1 бұйрығымен тіркелген.

Қазіргі таңда музей ғимаратының жанынан 1300 шаршы метр аумақты алып жатқан қосымша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін музей залдарында ауданның ежелгі заманынан қазіргі кезеңге дейінгі тарихынан толық мағлұмат беретін рэкспозиция жұмыстары жүргізілу жоспарлануда.

Бүгінгінде музей қызметкерлері ауданымыздың рухани-мәдени және материалдық ескерткіштерін, тарихи жәдігерлерін жинақтап қана қоймай, оларды сақтау, зерттеу, насихаттау қызметтерін жүзеге асыруда. Сонымен қатар, музей қорын құнды экспонаттармен толықтыру жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Музей қорындағы жалпы экспонат саны 1949 дана. Музейдің құнын көтеретін, бәсін жо­ға­ры ететін – экспонат, яғни құнды жәдігерлер екендігі белгілі.

Шиелі аудандық тарихи-өлкетан музейі өзінің көрме қызметі аясында түрлі тақырыптарда көрмелер және  іс шара ұйымдастырып өткізеді. Музейдің көрме қызметінің басты бағыты музейдің қор коллекциялары мен жеке жинақтардағы материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін экспонаттауға негізделген.

Шиелі аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалалары аясында Шиелі аудандық білім бөлімі, Шиелі аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімдерімен бірлесіп аудан орталығынан мектеп оқушыларымен «Оқшы Ата мазараты» мен «Ортағасырлық Сығанақ қалашығына» туристік саяхат жасалды.

 

Төребай Өсербек Тұрсынбекұлы

«Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК-ның

Шиелі аудандық тарихи-өлкетану музейі филиалының меңгерушісі

Төребай Өсербек Тұрсынбекұлы 1983 жылдың 27-ші қазанында Шиелі ауданы, Ы.Жақаев ауылында дүниеге келген.

1989 жылы №149 «Қызылту» орта мектебінің 1-ші сыныбына барып, 2000 жылы бітіріп шықты.

2000 - 2001 жылдары Шиелі кентіндегі №11 Кәсіптік мектепте «Электрлі газбен дәнекерлеуші» мамандығы бойынша курстық білім алған.

2001 - 2005 жылдары Қызылорда қаласындағы Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университетін «Бейнелеу өнері және Сызу» мамандығы бойынша бітірген.

2005 - 2007 жылдары Шиелі кентіндегі №11 Кәсіптік мектепте Арнайы пән мұғалімі болып қызмет атқарды.

2007 - 2009 жылдары Тараз қаласындағы №85395 әскери бөлімінің зенитті дивизионында взвод командирі лауазымы бойынша әскери келісім-шартта болған. (әскери шені – аға лейтенант)

2010 – 2012 жылдары Шиелі аудандық білім бөлімінде бас маман қызметін атқарған.

2012 – 2014 жылдары Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімінде бас маман қызметін атқарған.

2012 - 2014 жылы Болашақ университетінің «Құқықтану» мамандығы бойынша сырттай білім алған.

2014 – 2015 жылдары Ақтөбе қаласында «Самал - Дизайн» жарнамалық мекемесінде суретші-безендіруші болып жұмыс жасаған.

2015 – 2016 жылдары Шиелі ауданы, Ы.Жақаев ауылындағы «Алтын Дән Шиелі» шаруа қожалығында инженер қызметін атқарған.

2017 жылдың сәуір айынан бастап Шиелі аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры, 2019 жылдың 18 ақпанынан бері музей филиалының меңгерушісі қызметін атқарып келеді.

ҚР Қарулы күштері және облыс, аудан әкімдері мен білім басқармасының алғыс хаттарымен марапатталған.

1111