Сырдария аудандық тарихи-өлкетану музейі

Қызылорда облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының «Сырдария аудандық тарихи-өлкетану музейі» филиалы                             

 Мекен-жайы:    120600                                                                                       

 Қызылорда облысы     

 Сырдария ауданы

 Тереңөзек кенті                                                                      

 Абай көшесі, №29

 

тел: 8 /724-36/ 21-5-66          

эл.почта: surmuzei@mail.ru

Музей директоры: Омаров Марат Жүсіпәліұлы

Жұмыс уақыты:    9.00 -  19.00

Билет бағасы:       ересектерге – 300 теңге

                              студенттерге – 200 теңге

                              балаларға – 100 теңге

Аудандық тарихи-өлкетану музейі алғаш қоғамдық бастамамен 1990 жылы ұйымдастырылып, 1993 жылдың наурыз айынан бастап Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы болып, 1996 жылдың сәуір айынан бастап Тереңөзек аудандық тарихи-өлкетану музейі болып қайта құрылды. 2000 жылы музейге қосымша 2 көрме залы қосылды.

 Музей материалдары ауданның қалыптасу және даму тарихы, даңқты істері, өндірістік және мәдени өсуі туралы мәліметтер береді.

   Музей экспозициясында Кеңес Одағының Батырлары Н.Ілиясов, Ж.Нұрсейітов, Социалистік Еңбек Ерлері А.Бисенов, Б.Мұстапаева, И.Ақниязов, Қ.Бөдеев, Қ.Абдраманова, А.Халықов, Қазақ ССР-нің Жоғарғы Кеңесінің депутаттары Б.Синаева, К.Әсімова, ВЛКСМ ХҮІІ съезінің делегаты Р.Жалғасбаева, А,Адаева, шопандар Б.Қордабаева, Д.Садықова, сауыншы М.Сапаева, С.Өмірзақова, Қазақ ССР-не еңбегі сіңген мұғалімдер  А.Жүсіпов, Т.Айтбаев, О.Абдулпаттаев, С.Алданазаров, жерлестеріміз Қазақстанның көрнекті жазушылары Ә.Тәжібаев, Қ.Мұхамеджанов,  А.Тоқмағамбетов, Ә.Жәмішов, ауданымыздың мақтанышына айналған ғалымдарымыз А.Бисенов, М.Алшынбаев, Қ.Көшербаев, дәрігерлер Е.Омаров,  Ә.Төрекееев, білікті аудан басшылары Қ.Қазантаев, Ж.Ердешбаев, Н.Ергешбаевтар туралы мәліметтер бар. Сонымен қатар, музей жәдігерлерінің  ішінде Аралбай батырдың қылышы, Абай тұтынған асадал (шкаф), тобылғы шыбығынан өрілген кесе қап,  мыс көзе, қобыз коллекциялары, құнды қолжазбалар, түрлі деректі құжаттар музейдің тарих шырақшысы, ұрпақтан-ұрпаққа тәлім-тәрбие беретін маңызы зор тарихи орын екенін дәлелдей түскендей.

 Музей экспозициясымен танысуға  Болгария Республикасының азаматы Семьен Пешов, КСРО халық әртісі, Қазақстанның халық әртісі, халық қаһарманы Роза Бағланова, ақын Қайырбек Асанов, ҚР еңбегі сіңген мұғалім Алданазаров Сақыбек, Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Шаханов, Бұқарбай батырдың шөбересі Алданазаров Жоламан, қырғи тілді ақын А.Тоқмағанбетовтың балалары мен немерелері, Ақпарат және қоғамдық министрлігінің қызметкері Ғазиз Телібаев, әнші-сазгер Әшірбек Тінәлі, Қазақстан Өкіметі кеңсесінің жауапты қызметкері Бисенғали Баспақов, ардагер Камал Бердаулетов, Республикаға аты белгілі ақын, аудармашы Сейфулла Оспанов, «Үркер» журналының бас редакторы, жазушы Қуандық Түменбай, Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Қ.Әбішев, ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәми, ҚР Парламент Сенатының депутаты Д.Досмамбетов, «Хабар» телеарнасының қызметкері Сағатбек Қалиұлы, «Алтын Орда» журналының бас редакторы, Жазушылар Одағының мүшесі Мейірхан Ақдәулетұлы, Қызылорда облыстық ардагерлер төрағасы С.Шаухаманов, ҚР мемлекеттік қызмет ісі бойынша басқарма агенттігінің бас маманы Жылқышиева Жазира, Қазақстан Теміржолының алғашқы генерал қызы, профессор Рысты Хасенова, Сенат Халықаралық қатынас қауіпсіздік және қорғаныс комитетінің төрағасы Қуаныш Сұлтанов, ақын Қадыр Мырза-әлі, ҚР Мәдениет вице-министрі Ғ.Тұрысбекұлы секілді атақты кісілер келіп, өз қолтаңбаларын қалдырды.

Қазіргі заман талабына сай музейдің материалдық-техникалық жағдайы жақсарып келеді, яғни музей интернет жүйесіне қосылып, музей қорындағы құнды экспонаттар жүйеленіп, жаңа «Музеолог» электронды  бағдарламасына  енгізілуде.

2008 жылы облыстық бюджеттен музейдің «Аудан тарихы» залына 1528,0 теңге бөлініп, реэкспозициялық жұмыстар жүргізілсе, 2009 жылы 5740,0 теңге бөлініп, музей ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2011 жылы 1,5 миллион теңгеге музейде  «Тәуелсіз Қазақстан» залы ашылып, пайдалануға берілді. 2014 жылы музейдің «Археология және Этнография» залына реэкспозиция жұмыстары жүргізу үшін 2004,0 теңге қаржы бөлініп, игерілді және аудан халқына таныстырылуда.

2017 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына және ел тәуелсіздігінің мерекесі қарсаңында «Еңбек даңқы» залын ашу мақсатында Тереңөзек кентіндегі орталық демалыс алаңында орналасқан ескі мешіт ғимараты аудандық музей меншігіне беріліп, ғимаратқа 5264,0 теңгеге жөндеу жұмыстары мен 4500,0 теңгеге реэкспозиция жұмыстары жүргізілді.

Бүгінде музей қорында 10188, оның 6083-сі негізгі қорға, 4107-сі көмекші қорға тіркелген.  Музей экспозициясы 5 залға орналастырылған.

Музей ісіне халықтың қызығушылығы артып келеді. Көрермендер, музейге келушілер саны ұлғаюда.

Музей жұмысының мақсат-міндеттері:

-                     ҚР Мәдениет туралы Заңын басшылыққа ала отырып, елдің мәдени өмірі саласындағы саясатын жүзеге асыру;

-                     Музей қорын дамыту, сақтау, жүйелеу, музей ісін жетілдіру, ғылыми зерттеу. Сонымен қатар, аудандағы барлық мемлекеттік мекемелермен тығыз байланыста болып, музей ісіне қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың мүшелерін қатыстыру, өтетін мәдени шараларға, көрмелік жұмыстарға бірге атсалысуды қамтамасыз ету;

-                     Облыс, аудан көлемінде өтетін мәдени шаралардың жоғарғы дәрежеде өтуіне жағдай жасау. Ұлттық мәдениеттің, бейнелеу өнерінің жетістіктерін насихаттау, көпшілікке тарату, жоспарланған түрлі мәдени шаралардың мазмұнын жақсарту   болып табылады.

 

 

Омаров Марат Жүсіпәліұлы

Сырдария аудандық тарихи-өлкетану музейі филиалының меңгерушісі

21.04.1959 жылы туылған.

 

Білімі:

1990 ж

Жамбыл гидромелиорация құрылыс институты, инженер – гидротехник мамандығы

 

Еңбек өтілі:

05.1981 ж

Сырдария аудандық су шаруашылығы басқармасында инженер гидротехник

06.1986 ж

Сырдария аудандық су шаруашылығы басқармасында аға инженер гидротехник

01.1990 ж

«Н.Ильясов» атындағы кеңшарда инженер гидротехник

12.1991 ж

«О.Мәлібаев» атындағы кеңшарда бас инженер - гидротехник.

04.1994 ж

О.Мәлібаев ауылы әкімі

08.1997 ж

Тереңөзек поселке әкімінің О.Мәлібаев, Қалжан ахун ауылдарындағы өкілі.

10.2000 ж

Қалжан ахун округінің әкімі

11.2007 ж

«Нұр Отан» партиясы Сырдария аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

10.2017 ж

Сырдария аудандық тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі

 

Қосымша мәліметтер:

2008 жылы

«Қызылорда облысының 70 жылдығы» төсбелгісі

2010 жылы

«Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасарының «Құрмет грамотасы»

2011 жыл

Қазақтан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Алғыс» хаты

2015 жыл

Қазақтан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Алғыс» хаты

2015 жыл

«Қазақтан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы» төсбелгісі

2016 жыл

«Қазақтан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» төсбелгісі

2018 жыл

«Астана қаласының 20 жылдығы» төсбелгісі

2018 жыл

«Сырдария ауданының 90 жылдығы» төсбелгісі


Білімі:

1990 ж.     Жамбыл гидромелиорация құрылыс институты, инженер – гидротехник мамандығы

Еңбек жолы:

Сырдария аудандық су шаруашылығы басқармасында инженер гидротехник, Сырдария аудандық су шаруашылығы басқармасында аға инженер гидротехник, «Н.Ильясов» атындағы кеңшарда инженер гидротехник, «О.Мәлібаев» атындағы кеңшарда бас инженер – гидротехник, О.Мәлібаев ауылы әкімі, Тереңөзек поселке әкімінің О.Мәлібаев, Қалжан ахун ауылдарындағы өкілі, Қалжан ахун округінің әкімі, «Нұр Отан» партиясы Сырдария аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.

2017 жылдың қазан айынан бастап Сырдария аудандық тарихи-өлкетану музейі филиалының меңгерушісі қызметін атқарып келеді.

Наградалары:

2008 жылы        «Қызылорда облысының 70 жылдығы» төсбелгісімен,

2010 жылы        «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасарының «Құрмет грамотасымен»,

2011 жыл Қазақтан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Алғыс» хатымен,

2015 жыл Қазақтан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Алғыс» хатымен,

2015 жыл «Қазақтан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы» төсбелгісімен,

2016 жыл «Қазақтан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» төсбелгісімен,

2018 жыл «Астана қаласының 20 жылдығы» төсбелгісімен

2018 жыл «Сырдария ауданының 90 жылдығы» төсбелгісімен наградталған.

 

 

 

 

 

 

+7-7242-263252

Сұрақтарыңыз бар ма?

Бізге хабарласыңыз немесе хат жазыңыз

Хат жазу