Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейі

Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейі

жайлы ақпарат

         Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №704 қаулысымен аудандық тарихи-өлкетану музейі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын болып құрылып, 2015 жылдың қыркүйек айында жаңа ғимарат пайдалануға берілді. Кәсiпорын қызметінің негізгі мақсаты - музей жәдігерлері мен коллекцияларын сақтау, зерделеу және көпшілікке көрсету, мәдени, білім беру және ғылыми-зерттеу функцияларды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасын көпшілікке таныту болып табылады.

Ақылы қызметтің 2019 жылдың 12 айындың орындалуы 400 мың  теңге. Орындалуы 100 % пайыз.

2019 жылдың 12 айында музей қорына 242 экспонат жинақталып, 178 негізгі, 64 көмекші қорға қабылданды. 400,0 мың теңге құрайтын ақылы мәдени қызмет көрсетілді. Музейге 8354 келуші қамтылып, оларға 305 рет экскурсия жүргізілді. Жоспарға сәйкес және жоспардан тыс өткізілген көрменің жалпы саны – 33. Іс-шара саны – 14. Кент орталығындағы мектептерде 50 рет лекция оқылды. Облыстық және аудандық газетерге музей қызметкерлерінің 16 мақаласы жарияланды. Музей қорындағы құнды экспонаттарға 330 төлқұжат толтырылды.

Толық атауы: «Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК-ің

                            Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музей филиалы

Құрылған жылы: Музей 27 сәуір 2015 жылы Қармақшы аудандық

                                  әкімдігінің  №704 қаулысы бойынша құрылған

Мекен-жайы: Қармашы ауданы, Жосалы кенті, Абай көшесі №101

Телефоны: 8 (72437) 2-29-75

Филиал меңгерушісі: Ержанов Дәурен Дауылбекұлы

Музей ғимараты: 2015 жылы қыштан салынған, екі қабатты. Бірінші қабатта аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі орналасқан. Музейдің жалпы көлемі – 1283,91 шаршы метр, оның ішінде экспозицияға арналғаны  – 332,59 шаршы метр

Музей экспозициялық залдары:

«Өлке тарихы» залы –267,49 ш/м

«Тәуелсіз Қазақстан» залы – 65,10 ш/м

Музей қоры – 64,98 ш/м

Музей экспозициясы ашылған уақыты: 10 желтоқсан 2016 жыл

Музей қызметкерлері: 25 адам (1 филиал меңгерушісі, 8 шығармашылық, 16 техникалық)

Штат кестесі бойынша – 24           

Оның жоғарғы білімдісі – 11        

Ғылыми қызметкерлер – 3

Музейдегі барлық экспонаттар саны – 4552

Негізгі қор – 3465

Көмекші қор – 1087

 

Музейге келушілер саны – 8354

Лекция – 50

Экскурсия саны – 305

Ақылы қызмет – 400,0 теңге

+7-7242-263252

У вас есть вопросы?

Свяжитесь с нами или напишите письмо

Написать письмо

Фото галерея