Жалағаш аудандық тарихи-өлкетану музейі

Жалағаш аудандық тарихи-өлкетану музейі  аудан әкімінің 1999 жылғы 10 қарашадағы №144 санды шешімімен құрылды. Музей орналасқан ғимарат 1957 жылы күйдірілген қызыл қыштардан бір қабатты етіп, өткен ғасырдың 40-50 жылдарындағы КСРО-дағы қоғамдық-мәдени ғимараттардың типтік жобасымен қаланған архитектуралық ескерткіш болып табылады. Оның  алғашқы директоры болып жергілікті өлкетанушы, журналист Ахмет Тілеулиев тағайындалады.                                                           Музейде аудан көлемінің 70-67 млн. жылдан бергі (археозой эрасынан мезозой дәуірінің бор кезеңінен) геологиялық тарихынан бастап, ауданымыздың қазіргі заманғы тарихы, мәдениеті мен өнерінен сыр шертетін 2 зал жұмыс істейді. Экспозицияға қойылған экспонаттар хронологиялық ретпен орналастырылып, ауданымыздың құрылуы, тарихы, ауылшаруашылығы мен мәдениеті жайлы сыр шертіп, көрермендердің үлкен қызығушылығын тудырып келеді.

Сонымен қатар, музей залдарында кездесулер, түрлі тақырыптарға арналған көрмелер, ашық тақырыптық және экскурсиялық сабақтар мен т.б. мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып тұрады. 

Қазіргі таңда 20 жылдық тарихы бар аудандық музей бағзы замандарда аудан көлемінде өмір сүрген ата-бабаларымыздың тарихы туралы сыр шертетін асыл мұралар мекені.                                                              

Музейдің жалпы алаңы– 449,5 ш.м. Оның ішінде: экспозицияға   арналғаны –349,1 ш. м. Қор бөлмесі–32 ш. м.          

Музей қорындағы құнды экспонаттарды электронды «Музеолог» бағдарламасы арқылы паспортизациялау жұмыстары да қарқынды түрде жүргізіліп келеді.                          

Аудандық тарихи-өлкетану музейінің мекен-жайы:   
Индекс: 120200; Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті, Желтоқсан к-сі, № 9.  

Филиал меңгерушісі:  Құлмахан Қожатай Қожақұлы

Тел: (факс) 8 (724) 31-31183.      

Facebook:  https://f acebook.сom/zhalmuzei/                                                                

е-mail: kzhapakov@mail.ru 

Құлмахан Қожатай Қожақұлы 1957 жылдың 3 қыркүйек күні  Жалағаш поселкесінде дүниеге келген. Алматы қаласындағы халықшаруашылығы институтын «экономист-қаржыгер» мамандығы бойынша бітірген.

2003-2006 жылдары Жалағаш ауданы әкімі аппаратының басшысы, 2006-2010 жылдары Ақсу ауылының әкімі, 2010-2018 жылдары Жалағаш кентінің әкімі лауазымдарын атқарды.

2018 жылдың маусым айында аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры қызметіне тағайындалды.

2019 жылдың қаңтар осы уақытқа  дейін  Жалағаш аудандық тарихи-өлкетану музейі филиалының меңгерушісі қызметін атқарып келеді.

+7-7242-263252

Сұрақтарыңыз бар ма?

Бізге хабарласыңыз немесе хат жазыңыз

Хат жазу