Ыбырай Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейі филиалы

Ыбырай Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейі филиалы

Ыбырай Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейі 1978 жылдан 1982 жылға  дейін облыстық тарихи-өлкетану музейінің Шиелі ауданындағы филиалы негізінде құрылып, Қазақ ССР Министрлер кеңесінің №150-р қаулысымен 30 сәуір 1982 жылғы және Қазақ ССР Мәдениет Министрінің 13 мамыр 1982 жылғы № 167 бұйрығына сәйкес, Ыбырай Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейі болып ашылды.

2019 жылдың ақпан айынан бастап,  облыс әкімінің 28 желтоқсан 2018 жылғы  №1301 санды Қаулысының негізінде Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің Ы.Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы  музейі филиалы болып құрылды.

Музей истории рисосеяния  имени  дважды Героя Социалистческого Труда, лауреата Государственной премии СССР, Полевого академика Ыбырая Жахаева. 1978 году музей основан филиалом областного историко-краевеедчского музея и . В апреле 1982 года под Постоновлением Совета Министров Казахской ССР создан Музей истории рисосеяния  имени  Ыбрая Жахаева

Ыханова Құттықыз (23.10.1962 жылы Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Нартай ауылы). Қызылорда облысы бойынша тұңғыш рет музейлер арасында «Мәдениет саласының үздігі».  1979 жылы Нартай Бекежанов атындағы  № 156 мектебін бітірген,  1982-1986 жылдары «Коммунизм» колхозының комсомол комитетінің  хатшысы. 1991-1994 жылдары  «Қарлығаш» балалар бақшасында әдіскер. 1994-1996 жылдары аудандық білім бөлімінде әдіскер. 1996-2008 жылдары Н.Бекежанов мемориалдық өнер музейінде директор. 2008-2009 жылдары Шиелі аудандық мәдениет үйлері мен клубтары мемлекеттік қазыналық кәсіпорын директоры. 2009 жылдан бастап Ы.Жахаев атындағы күріш өсіру тарихы музейінің директоры.

2013 жылдың қорытындысы бойынша Құттықыз Шайыққызы 2014 жылдың 15 ақпанында Қызылорда облысы бойынша тұңғыш рет музейлер арасында Мәдениет саласына сіңірген еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі  М.Құл-Мұхаммедтен «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісімен марапатталды. 2015 жыл Облыстық Мәдениет басқармасы басшысының Алғыс хаты, осы жылы ҚР Ұлттық музейінің директоры Д.Мыңбайдың Алғыс хаты, 2016 жылы Облыс әкімінің Алғыс хаты және Шиелі ауданы әкімінің Алғыс хатымен марапатталған.

 2016 жылы «Ы.Жақаев 125 жыл» медалін иемденді.

+7-7242-263252

У вас есть вопросы?

Свяжитесь с нами или напишите письмо

Написать письмо

Фото галерея