Басты бет » Филиалдар

Көркемсурет галереясы

Енгізілді: 11.05.2016Өзгертілді: 11.05.2016

Жергілікті қылқалам шеберлерінің таңғажайып туындыларын Сыр жұртшылығына насихаттау, ұлттық өнердің дамуына үлес қосу мақсатында облыс әкімінің 2014 жылғы іс-қимыл жоспары бойынша аймақ басшысының тікелей қолдауымен өткен жылдың қараша айында тарихи ескерткіштер тізіміне енген бұрынғы әскери комиссариат ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, облыстық музейдің бір бөлімі Көркемсурет галереясы ашылды.

Ғимараттың бірінші қабатына толық галерея орналасса, екінші қабаттан суретшілерге арналып алты бөлме бөлінді. Көркемсурет галереясының жалпы көлемі 350 шаршы метрді құрайды. Мұнда галереяға лайықтандырылып 3 зал жасақталған.

 

 

 

 Көркемсурет галереясының қорында 300-ге жуық елімізге әйгілі суретшілер Әбілхан Қастеевтің, Г.Хлудовтың, Г.Исмаилованың, А.Ғалымбаеваның, С.Сенчихиннің, Қ.Мамақовтың, Қ.Қожықовтың және Қазақстан бейнелеу өнеріне өзіндік үлес қосқан, Қазақстан суретшілер Одағының мүшелігіне енген  жергілікті қылқалам шеберлерінің қолынан шыққан туындылар сақталуда. Сонымен қатар көркемсурет галереясының жанынан қатысушының көркемдік талғамын дамытатын, баланың өз ойын еркін бере алатын, эмоциялық - сезімдік әлемін дамытатын ерекше орта - ИЗО студия бөлімі  ашылып, жұмыс жасауда.

 

 

            Қазіргі таңда галереяда өңірімізге танымал қылқалам және қолөнер шеберлерінің туындыларынан көрмелер, семинарлар, байқаулар, шебер-кластар, мерекелік шаралар  ұйымдастырылып, халық назарына ұсынылуда.

 

 

            Өлкеміздегі көптеген қылқалам ұшына жан бітірген хас шеберлерінің қайталанбас туындыларын дәріптеу, насихаттау галереяның маңызы зор игі істерінің бірі болмақ.