Басты бет » Коллекциялар

Сирек кездесетін кітаптар

Енгізілді: 05.05.2016Өзгертілді: 12.05.2016

Музей экспозициясында ертеде өмір сүрген ерекше тұлғалар туралы кітаптар ХІІІ ғасырда өмір сүрген Ұлы ғұлама Хусам ад- Дин әл Хусейіннің ҚР Ұлттық кітапханасынан электронды нұсқада Египедтен алынған «Тарих Шарх тамвид ли ибн ал-мумин» және 3 томдық «Китаб аз–закат уахадж», «Масур Абд алькаид Хилми» кітаптарының көшірмелері бар. 

Қазақстан Россияға қосылмай тұрғанда қазақ тілінде кітап бастыру атымен жоқ болған. Ол кезде тек діни кітаптар парсы, араб, шағатай тілдерінде шыққан. Қазақ тіліндегі кітаптар Қазақстан Россияға қосылған соң басталды. Бірақ, кітаптар Қазақстанда емес, Петербургте, Қазанда, Орынборда, Омбыда, Ташкентте басылды. Көбінесе Қазан университетінің Кәримовтар мен Хусаиновтардың баспаларынан шыққан. Кітап бастыру жұмысы ХІХ ғасырдың басынан басталған. Экспозицияда осы баспалардан шыққан 1901-1914 ж.ж. аралығындағы діни кітаптар қойылған. Онда ислам заңдары, терминологиялық сөздіктер мен шариғат үкімдері жайлы жазылған.

Ең құнды жәдігерлеріміздің бірі Құлболды ишан шежіресі. Жалпы шежіре Құлболды ишан ұрпақтары жайлы жазылған, ол ХҮІІІ ғ. Сексенінші жылдары өмірге келген, діни оқымысты болған. Шежіре 3 бөлімнен тұрады. Әр бөлімнің өз кезеңіндегі адамдардың есімдері жазылған. Бірінші бөлімде арабша есімдер, екінші бөлімді түркілер, үшінші бөлімде қазақша есімдер жазылған. Шежірені Құлболды ишан мазарының шырақшысы Әбілхасанов сақтап келген. Бұл шежірені музей қорына Қалжан ахунның немересі Иылдырым Хасан өткізген. Сонымен қатар ол атасының жазған хаттарының көшірмесін, оқу-ағарту кезінде пайдаланған кітаптарын, ел арасынан жинақтаған қолжазбаларды және үй-тұрмысындағы заттарын музей қорына тапсырды.