Айтбаев Салихитдин Әбдісадықұлы

Айтбаев Салихитдин Әбдісадықұлы

Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, суретші ( 1938-1994 ) Салихитдин Айтбаев 1938 жылы 15 ақпанда Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1961 жылы Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін бітірген. 1965 жылдан Қазақстан Республикасы суретшілер Одағының мүшесі. 1966 жылдан халықаралық және республикалық көрмелерге қатысады.

Бүкілодақтың көрмелерге қойылған С.Айтбаевтың алғашқы туындыларының өзі көрермендер мен мамандардың жоғары бағасына ие болды . Оның ішінде Москвада өткен жас суретшілердің Бүкілодақтың көрмесіне қойылған 1967 жылы салынған Хұсайын Базарбаевтың портреті ерекше аталды.

 

70 - ші жылдардың ортасындағы жас суретшілер үшін С.Айтбаевтың «Бақыт» атты суреті сол кезең өнеріндегі жаңа көркемдік айқындылықты көрсететін ерекше туынды болып танылды. Суретші және психолог ретінде Айтбаевтың таланты портрет Композицияларында көріне білді, ол оның туындыларындағы кейіпкерлердің жан дүниесі мен дене сұлулығың үйлесімділігімен көрінді . С.Айтбаевтың көп жұмыстары табиғат көріністері мен натюрморт тақырыбына да арналған. Графика және кітаптарды безендіру саласында да жемісті еңбек етті.

Өз шығармашылығының басты мақсаты өмір шындығын көрсетуде дүниенің әсемдігін тани білу, түстерді айқын сезіну арқылы мағыналы Композициялар тудыра білді. С.Айтбаевтың туындылары Қазақстан бейнелеу өнерінің дамуындағы жаңа кезең болды.

+7-7242-263252

Сұрақтарыңыз бар ма?

Бізге хабарласыңыз немесе хат жазыңыз

Хат жазу