Залдар

«Археология  және этнография» залында Қаратаудан табылған таңбалы тастан басталады. Сыр бойындағы бейнелеу тарихы Қаратау сілемдеріндегі жартастар бетіне қашап ойып салынған адамдар мен жануарлар тұрпатты петроглифтен бастау алады. Ерте темір дәуірінің Жаңақорған өңіріндегі ескерткіштеріне Жаңақорған обалы қорымын  ерекше атауға болады. Сақ дәуіріне жататың обалардың бірінен қылыштың сынығы, алтын жіп, қапсырмалар табылған болатын. Керамикалық  ыдыстарды осы экспозициядан көруге болады.

Өзгент, Аққорған, Ордакент, Сығанақ, Келінтөбе, Балапантөбе, Құмиян, Мейрамтөбе, тағы басқа қалалардың орын тебуі және Ұлы Жібек жолының осы өңірден өтуі  Сыр бойының тұнып тұрған шежіреге толы екендігін көрсетеді. Экспозицияда Сығанақ  қаласының  сол  кезеңде  сауда  қатынасында   жүрген  теңгелер,  қала орнынан  табылған  керамикалық ыдыс, ыдыс сынығы, хум,  құмыра, өрнектелген қаптамалар табылған заттар Х-ХҮІІІ ғасырларға тән екенін дәлелдейді.

Елбасы «Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында жалпыұлттық қасиетті нысандарға: Сығанақ, Хорасан ата, Төлегетай - Қылышты ата кесенелері кірсе, өңірлік қасиетті орындарға: Ақтас мешіті, Айқожа ишан, Қарасопы, Сунақ ата кесенелері мен Бақсайыс ата, Көккесене, Қатынқамал үңгірі кіреді. Экспозицияда Жалпыұлттық қасиетті нысандарға арналған кітаптар мен керамикалық ыдыс, шырағданды көруге болады.

«Жаңақорған ауданының әлеуметтік – экономикалық дамуы» залында орналасқан экспозициясы Қазақ хандығынанбасталып, 1861 жылдың аяғында орыс әскерлерінің Жаңақорған мен Дінқорған бекіністерін  басып  алуы Сырдарияның  бүкіл төменгі ағысы Ресей империясының билігіне өтуі, Қазақстан  ұлттық  мемлекеттің  идеяларының  қалыптасуы  Алаш қозғалысының  идеясынан  және Алаш партиясының  бағдарламасынан бастау  алады.

Кеңес дәуірі кезінде Қазақстанда алапат ашаршылықтар болып, халқымызды жер бетінен біржолата құртып жібере жаздады. Соның ішінде екі үлкен әлеуметтік апат еліміздің мәңгі есінде сақталып қалды. Мұның біріншісі – 1921-1922 жылдары, екіншісі – 1930-1933 жылдары болған ашаршылықтар.

Жаңақорған ауданы  1928 жылы 17 қаңтарда Төменарық, Жаңақорған, Сауран, Өзгент  болыстарының ізімен құрылды. Аудан Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сырдария  округінің  құрамына енді, орталығы  Жаңақорған селосы болды.

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Екінші Дүниежүзілік соғыстың құрамдас бөлігі ретінде тарихқа мәңгі енді. Шаруашылықты  дамытудағы еселі еңбегімен елге танылған   шопандар,  диқандар  мен  механизаторлардың  еңбегі  жоғары  бағаланып, ауданымыздың  13  азаматына  Социалистік Еңбек Ері  атағы  берілсе, 1947-1990  жылдар  аралығында  ауданнан  9  адам  Қазақ ССР  Жоғарғы  Кеңесіне  депутат  болып  сайланды.

«Мәдениет және өнер» залында Жаңақорған ауданы бойынша барлық сала майталмандары мен ардагерлері білім, өнер, мәдениет, медицина т.б толық жүйелі түрде орналасқан.

«Тәуелсіз Қазақстан»  залында Қазақстан Республикасының 1991 жылы Тәуелсіздік алған күннен бастап қазіргі уақытқа дейінгі тарихи кезеңдер хронологиялық шеңбермен жүйелі түрде ретімен  нақты көрсетіліп,  өлкеміздің  тарихы,  халқымыздың  отыз  жылда  жеткен  жетістіктерінен  экспонаттар  қойылған. Экспозициялық залда қазақ халқының елеулі оқиғасы 1986 жылғы «Желтоқсан оқиғасынан» басталып, Қазақстан Республикасының  мемлекеттік рәміздері – Елтаңбасы, Ту, Әнұран, ұлттық валютасы, сондай – ақ, әлемдік ұйымдармен келісім мен мүшеліктер, Қазақстан Республикасының Конституциясы, этностар бірлігі Ассамблея,  «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізі, Шалқия кеніші, күкірт қышқыл зауыты, табиғи уранды өндіру мекемелері жайлы әлеуметтік нысандармен, экономикалық бағдарламалардан қамтылған.  Ауданымыздың спорт шеберлері мен әлем бойынша жүлдегерлер: Дәулет Ниязбеков, Ғалымжан Өсербаев, Мереке Құдайбергеновалардың сурет-құжаттарымен толықтырылған.

Жаңақорған аудандық тарихи-өлкетану музейінде жинақталған жәдігерлерді қастерлеп,  болашақ  ұрпаққа  қаз-қалпында  жеткізу -  біздің  міндетіміз.

2019 жылдың ақпан айынан бастап,  облыс әкімінің 28 желтоқсан 2018 жылғы  №1301 санды Қаулысының негізінде «Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК-ың «Жаңақорған аудандық тарихи-өлкетанумузейі» филиалы болып қайта құрылды.

+7-7242-263252

Сұрақтарыңыз бар ма?

Бізге хабарласыңыз немесе хат жазыңыз

Хат жазу