Тарихы

Жаңақорған аудандық тарихи-өлкетану музейі Қазақстан Мәдениет Министрлігінің 1992 жылғы 2 мамырдағы №144 қаулысымен құрылды.

         Музейдің жаңа үлгідегі экспозициясы 30 маусымда 2005 жылы 1904-1905 жылдары салынған бұрыңғы орыс-қазақ бұратана қыш мектебі ғимаратында орналасқан. Музейдің жалпы көлемі - 236,7 шаршы метр, экспозиция залдары - 153,2 шаршы метрді қамтиды. Оның ішінде «Археология-этнография» залы - 24 ш/м, «Жаңақорған ауданының әлеуметтік экономикалық даму» залы -42 ш/м, «Мәдениет және өнер» залы – 42 ш/м, «Тәуелсіз Қазақстан» залы -45 ш/м.

Музей - тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, тағы басқа мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми танымдық қызмет атқаратын мекеме. Музей заттық және рухани құндылықтарды танытуда, ғылыми тұрғыда зерттеп, оның нәтижелерін насихаттауда.

         Музей қорында 10056 экспонат сақталуда, оның 6869-ы негізгі қорға, 3187-і көмекші қорға жатады.

Жаңақорған аудандық тарихи-өлкетану музейі халқымыздың рухани асыл  қазыналарын жинақтап, өлкеміздің өткені мен  бүгінін  жалғап  отырған  мәдени ошақтардың  бірі.   

+7-7242-263252

Сұрақтарыңыз бар ма?

Бізге хабарласыңыз немесе хат жазыңыз

Хат жазу