Коллекциялар

Археология коллекциясы 

Шиелі аудандық тарихи-өлкетану музейінің археологиялық коллекциясына аудан аумағында орналасқан ежелгі Сауысқандық шатқалының жартас суреттері ортағасырлық Бестам қалашығынан және №21 бекет, Жансейіт елдімекендерінен, Сығанақ пен Сауран қалаларындағы барлау мен археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған 56 экспонат кіреді.

Музейдің залындағы көне экспонаттардың бірі б.з.б. 2 мыңжылдыққа жатқызылатын Сауысқандық шатқалындағы жартастағы бейнелер бейнеленген тау тақтатастары.

Археолог ғалым тарих ғ.д., профессор Мадияр Елеуов өзінің кіндік қаны тамған туған жері Шиелі ауданына арнайы келіп, аудандық тарихи-өлкетану музейіне, өлкеміздің тарихын зерттеуде маңызды тарихи құндылық болып табылатын археологиялық жәдігерлер табыстады.

Ғалымның музей қорына өткізген эскпонаттарының арасында Сыр бойының орта ағысындағы ортағасырлық қалаларда жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған керамикалық ыдыстар (хумдар, тегенелер, құты көзелер, әртүрлі көлемдегі құмыралар, кеселер), қаптама қыштар, тас диірмендер, шырағдандар т.б. археологиялық жәдігерлер бар.

Этнография коллекциясы

Шиелі аудандық тарихи-өлкетану музейінің қорында 239 дана  этнографиялық экспонаттар коллекциясы қазақ халқының тұрмысы мен мәдениетін кешенді көрсетуге мүмкіндік береді және олардың көпшілігі сирек кездесетін тарихи-мәдени құндылық болып есептеледі. Коллекциядағы жәдігерлердің басым бөлігі ХІХ-ХХ ғғ. мерзімделеді.

Музейдің ең алғашқы этнографиялық түсімдері ретінде Социалистік Еңбек Ері Захира Ержанованың шоқ үтігі, геолог ғалым, академик Шахмардан Есеновтің тал бесігі, XIX ғасырдың көне самаурынын атап өтуге болады.

Музейдің этнографиялық коллекциясында Ұазақ халқының тұомыстық және қолөнер бұйвмдары, ұлттық киім түрлері мен зергерлік бұйымдары, кілем тоқу өнері, ат әбзелдері, ұлттық ыдыс-аяқ түрлері мен киіз үй жабдықтары сақтаулы

Шиелі аудандық тарихи-өлкетану музейінің қорында сақтаулы құнды экспонаттарының бірі қазақ кеңес геологы, пайдалы қазбалар саласының маманы, қоғам және мемлекет қайраткері, геология-минералогия ғылымының докторы, профессор ҚазКСР ғылым академиясының академигі және Шиелі ауданынан шыққан бес Ғасыр адамының бірі - Шахмардан Есеновтің талбесігі. Бесік музейлік маңызы бар бірегей жәдігпр. Ағаш. XX ғғ.

+7-7242-263252

Сұрақтарыңыз бар ма?

Бізге хабарласыңыз немесе хат жазыңыз

Хат жазу