Басшылық

Төребай Өсербек Тұрсынбекұлы

«Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының «Шиелі аудандық тарихи-өлкетану музейі» филиалының меңгерушісі

Төребай Өсербек Тұрсынбекұлы – 1983 жылдың 27-ші қазанында Шиелі ауданы, Ы.Жақаев ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 2005 жылы Қызылорда қаласындағы Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университетін, мамандығы - бейнелеу өнері және сызу және 2014 жылы Болашақ университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Жалпы еңбек өтілі – 15 жыл. Еңбек жолын 2005 жылы Шиелі кентіндегі №11 Кәсіптік мектепте Арнайы пән мұғалімі болып бастаған. 2007 - 2009 жылдары Тараз қаласындағы №85395 әскери бөлімінің зенитті дивизионында взвод командирі лауазымы бойынша әскери келісім-шартта болған. (әскери шені – аға лейтенант) 2010 – 2012 жылдары Шиелі аудандық білім бөлімінде бас маман,  2012 – 2014 жылдары Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімінде бас маман қызметтерін атқарған. 2014 – 2015 жылдары Ақтөбе қаласында «Самал - Дизайн» жарнамалық мекемесінде суретші-безендіруші болып жұмыс жасаған. 2015 – 2016 жылдары Шиелі ауданы, Ы.Жақаев ауылындағы «Алтын Дән Шиелі» шаруа қожалығында инженер қызметін атқарған. 2017 жылдың сәуір айынан бастап Шиелі аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры, 2019 жылдың 18 ақпанынан бері музей филиалының меңгерушісі қызметін атқарып келеді.

ҚР Қарулы күштері және облыс, аудан әкімдері мен білім басқармасының алғыс хаттарымен марапатталған.

+7-7242-263252

Сұрақтарыңыз бар ма?

Бізге хабарласыңыз немесе хат жазыңыз

Хат жазу