Тарихы

Қызылорда облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК

«Шиелі аудандық тарихи-өлкетану музейі» филиалы

Шиелі аудандық тарихи-өлкетану музейі Шиелі ауданы әкімінің 2016 жылғы 5 желтоқсандағы №935 қаулысына сәйкес құрылып, ҚР ӘМ Қызылорда облысы әділет департаментінің Шиелі ауданының әділет басқармасының 2017 жылғы 4 қаңтардағы №1 бұйрығымен тіркелген.

Музей 2017 жылдан бастам жұмыс жасап келеді. Музей ғимараты қыш кірпіштен 2012 жылы салынған. Бір қабатты ғимарат. Ғимараттың көлемі 244,3 ш.м. Оның ішінде экспозицияғ арналғаны 108,1 ш.м. 2020 жылы музей жанынан қосымша екі қабатты құрылыс нысаны қосылуда, 2021 жылы қосылған қос қабатты ғимарат жұмыс жасауға берілу жоспарлануда.

Бүгінгі таңда музей қызметкерлері ауданымыздың рухани байлығын, асыл жәдігерлерін, қазыналарын жинақтап, ғылыми зерттеу, ғылыми жинақтау, есепке алу және сақтау, насихаттау қызметтерін жүзеге асыруда. Сонымен қатар, музей қорын құнды экспонаттармен толықтыру, зал экспозицияларын жаңғырту, ғылыми қызметкерлердің біліктілігін арттыру, жаңа технологиялық үлгілерді енгізу, мәдени, білім беру және ғылыми-зерттеу функцияларды жүзеге асыруда

Шиелі аудандық тарихи-өлкетан музейі өзінің көрме қызметі аясында түрлі тақырыптарда көрмелер және мәдени іс-шара ұйымдастырып өткізеді. Музейдің көрме қызметінің басты бағыты музейдің қор коллекциялары мен жеке жинақтардағы материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін экспонаттауға негізделген.

Музей қорыын қамтитын сонау көне замандардан қазірге дейінгі өлке тарихынан мағлұмат беретін,  халқымыздың материалдық және рухани мәдениетінің құндылықтарын паш ететін түрлі мазмұндағы коллекциялар көрермендерге Шиелі ауданының ежелгі, ортағасыр, жаңа және қазіргі заман тарихы мен мәдениетінен сыр шертеді. Олар музейдің негізгі бағытын, саласын, ерекшелігін көрсетеді.

Музейдің негізгі мақсатты жұмыстарының бірі музей қорын экспонаттармен толықтыру болатын болса, өлкеміздің тарихы, археологиясы мен этнографиясы, мәдениет, ауылшаруашылығы, білім ж»не т.б. салалары бойынша қазіргі таңда 3000-ға жуық жәдігерлер жинақталған. Олардың ішіндегі ең құнды коллекциялардың бірі Сырдария өзенінің орта ағысындағы  ортағасырлық қалаларда жүргізілген барлау және археологиялық қазбвлар кезінде табылған керамикалық қыш құмыралар құрайтын археологиялық коллекция. Қорымыздағы осындай халқымыздың рухани байлығы, көне құнды жәдігерлерімізді зерттеп-зерделеп халық игілігіне ұсынып, ғылыми айналымға ендіру музей ісінің негізгі жұмыстарының бірі.

Музей қорында сақтаулы тұрған жәдігерлердің үздіктері экспозициялық залдарда музей келушілеріне ұсынылған. Қандай музейді алсаңызда ең басты мақтанышы ол әрине көрермен назарына ұсынылатын экспозициялар. Ол музейдегі кез-келген тақырыпты халыққа жету жолы болып табылады. Эспозиция залдарынан аудан тұрғындары мен қонықтары ежелгі заман мен орта ғасырлар кезеңі, Ұлы Жібек жолының мол мұрасы мен кейінгі заман жәдігерлеріның сабақтастығын тамашалап, этнография мен қолданбалы өнер туындыларының үйлесімдігін көрулері тиіс

Аудандық тарихи-өлкетану музейі арқылы ауданымызға, оның даму әлеуетіне баға беріледі. Ол өткен тарихымызды байыптататын, рухани мұрамызды зер­делететін, бүгінгі ауданның дамуын ба­ғам­дататын мәдени орталық болмақ.

Шиелі аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалалары аясында Шиелі аудандық білім бөлімімен бірлесіп аудан орталығынан мектеп оқушыларымен «Оқшы Ата мазараты» мен «Ортағасырлық Сығанақ қалашығына» туристік саяхат жасалды.

2019 жылдың ақпан айынан бастап,  облыс әкімінің 28 желтоқсан 2018 жылғы  №1301 санды Қаулысының негізінде «Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК-ың«Қармақшы аудандық тарихи-өлкетанумузейі» филиалы болып қайта құрылды.

+7-7242-263252

Сұрақтарыңыз бар ма?

Бізге хабарласыңыз немесе хат жазыңыз

Хат жазу