Коллекциялар

Ер қаруы – бес қару

 

Бес қару — қазақ батырлары қолданған жауынгерлік қарулардың жалпы атауы. Бес қаруға соғыста кесу, шабу, түйреу, соғу, ату арқылы жауына жарақат салады.

Қылыш – шауып түсуге ыңғайлап болаттан істеген өткір ұзындау келген жылан басты  қару. Қылыш болат темірден соғу әдісмен жасалған. Сабы ағаш, сырты терімен қапталған. Қылыштың жалпы ұзындығы – 91 см, қолшасы – 10 см, ені – 12. Қылыштың жүзі-79,2 см, ені-3см. Қылыштың қынының ұзындығы-84 см, ені-6 см.

 

Садақ - құранды кері серпінді әдісімен жасалған. Ортаңғы жағы қарағай, қайың ағашымен қабатталып желімделген. Сырты ызаға қарсы жіп, қайыспен оралған. Бас жағы ағашпен қараағаш қосылған. Өлшемі: Адырнаның ұзындығы – 138 см, енә – 20,5, жібінің ұзындығы -128 см.

Жебе - қарағай ағаштан ұшы алюминийден, қанаттары қырғауыл, қаз қауырсындарымен жасаған. Қорамсағы сиыр терісінен ою салу әдісімен безендірілген. Жебенің ұзындығы 81, диаметрі 1 см.

Садақ оғын салып, белге байлап немесе йыққа асып алатын оқ сауыты. Қорамсақ ішінен екі қатар көлденең леска тартып, оған садақ жебесін қатарлай тігеді. Сиыр терісінен ою салу әдісімен жасалған. Қорамсақ ұзындығы 64 см, ені 18 см, қалыңдығы 1 см.

 

Қалқан – темірді үстін қайыспен қаптау және бетін күмістің сыңарымен өрнектеліп әшекейленген. Жазу аудармасы: «ұста Бекзат Керей 2015. Сақтансаң сақтаймын». Ішкі беті киізбен қапталған. Биіктігі 11,5 см, диаметрі 51 см.

 

Шоқпар (бас мойын шоқпар) және шынжыры темірден соғу арқылы істелінген. Ортаңғы жағы соққыдан қорғайтын бес жерінен темірден жалпақ сым жасалынып қойылған. Оның астында ағашты ою әдісімен бұрама ойылған. Астыңғы жағы ұстайтын жері қолшасы қайыспен оралған. Жалпы ұзындығы – 83 см, шоқпар басының диаметрі – 8 см, шылбыр-12 см, сапқа бекіткіші-10 см, саптың ұзындығы-59 см, саптың диаметрі-4 см.

 

Айбалта - болат темірден «соғу» әдісімен жасалған. Бет жағы қарайтылып, күміспен өрнектелген. Ортаңғы жағы морт сынбау үшін және де соғудан қорғану үшін саптың екі қыры темірмен қойылған. Күмістің сыңарымен «баспа» әдісімен әшекейленген. Астыңғы жағы ұстайтын жері терімен (қайыспен) оратылған. Пайдаланылған материалдары: болат,   0,70% күміс, қайыс, ағаш, күмістің сыңары. Өлшемі: сабының ұзындығы-74,5см, сабының диаметрі-4 см. Айбалта жүзінің ұзындығы-20 см, жүзінің ені-8 см, жүзінің қалыңдығы-1 см, шүйдесі-2 см.

 

 

Ағаш ыдыстар топтамасы 

Қазақ өмірінде көп қолданылатын ағаштан жасалған бұйымдардың түрлері сан алуан. Ыдыс-аяқ қоюға ыңғайлы асадалдан тартып, қымыз құятын тегене, саптаяқ, піспек, ет тартатын астау, кесе, қасық. Осыладың бәрі өз орнымен әлі күнге дейін кәдеге жарап келеді. Ағаштан  шабылған кез-келген ыдыс мықты әрі әдемі екені рас. Темірде көбіне тат болады, ал ағаш табиғи, таза өнімге жатады. сондықтан ағаш ыдыстармен тамақтанудың денсаулыққа пайдасы орасан зор.

Ағаш керсен - ежелден ата-бабамыз қолданатын ыдыс. Ағаштан шауып жасалған. Ішкі жағы тегіс, сыртқы әдемілік үшін ою ойылған.Ішкі бөлігіне қосымша темір ыдыс салған. Керсен бетінде қақпақ жабылған, ұстайтын құлақшасы өрнектелген, қақпақ жиегі де ожау тұруға ыңғайлы етіп ойылған. Қақпақ беті тұтас оюланған. Керсеннің өлшемі: 14 х 33 см.

Оюланған ожауы бар. Тұтас ағаштан шауып жасалған. Ожаудың бас жағы жұмыр, іші тегіс, сырты оюланып сабына қарай жалғасқан. Сабындағы оюы түйе табан, қошқар мүйіз тәрізді, сабының бас жағы жылқы басына ұқсайды. Ұзындығы 38 см құрайды.

Аяқты ағаш кесе - сусын ішу үшін қолданатын бұйым. Тұтас ағаштан ойып жасалған ішкі бөлігі тегіс, сырты оюмен безендіріліп жасалған. Іші-сырты лактеліп, сұрғыш бояумен жиектері боялған. Диаметрі 42 см, үстелге қоюға ыңғайлы

 

Ағаш табақша– қайың ағашынан шауып, ойылып, жонылып орындалған нан тағамдарын салуға арналған ыдыс. Жиегі ұлттық оюмен безендірілген, ортасына диаметрі -11 см болатын ұлттық ою орналастырылып, қоңыр түспен боялған. Бұл туындының авторы: ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, қолөнер шебері  Ж.Маханбет.

 

Астау - халқымыздың байырғы уақыттан бастап қолданып келе жатқан ас тұтынатын бұйымы болып табылады. Жиегі ұлттық оюмен безендірілген, ұзындығы 60 см, ені 23 см. Бұл туындының авторы: ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, қолөнер шебері  Ж.Маханбет.

  

Зергерлік бұйымдар

Зергерлік өнер – ерте заманнан келе жатқан әлі халық арасында көп тараған сәндік өнердің бір түрі. Алтын мен күмістен сәндік бұйымдар мен әшекей заттарын жасайтын шеберді халық зергер деп атаған.

Бойтұмар – бұл ырымдық зат. Оны көз тиюден, пәле жаладан, апаттан қорғайды деп сенген.

 

Алқа – оны өңіржиек деп те атайды. Алқа  бірнеше бөлік асыл тастардан, түрлі-түсті шыны көздер орнатылған бірнеше алақаннан тұратын, топсалы шынжыр арқылы тағылатын мойын әшекейі. Алқаны жасөспірім және бойжеткен қыздар, жас келіншектер таққан.

 

Шашбау – қыз-келіншектер шашына тағатын сәндік әшекей- бұйым . Мұндай әйел шашының әр-ажарын аша түсетін, өрілген бұрымның ұшын бекіту үшін тағылатын алтын, күміс тиындар, кейде маржан қадалған, ызылған бауы бар Шашбауды түркі халықтары ежелден қолданып келеді.

 

Қапсырма –қамзол , кеудеше тәрізді әйелдердің сыртқы киімінің екі өңірін бір-біріне қаусырып тұратын ою-өрнекті, сіркелі, асыл тасты, асты ілгекті күміс әшекей. Оның астынғы бетіне киімнің екі өңірін бір-біріне бекітетін ілгек орнатылады. «Қапсырма» сөзі қаусыру сөзінен туындаса керек. Оны қазақ зергерлері қыз-келіншектер киімін сәндеу үшін жасаған.

Түймелер –ішінде сылдырмағы бар, үлкендігі кішігірім жұдырықтай омырау әшекейі, әрі киімнің алдың айқастырып жабу үшін қолданылатын зат.

 

Құстұмсықты сақина – қаздар тағатын әшекей бұйымдардың бірі. Оның маңызды мәні «құстай ерікті» дегенді білдіреді. Сақина күмістен жасалған. Ұшы, ішкі бетіне қарай оюланған. Ені 1,5 см, ұзындығы 3,3 см, астыңғы бөлігінде саусаққа тағатын екі құлақты дөңгелек сақинасы бар.

 

Білезік – білекке тағылатын әшекейлі, сәнді бұйым. Білезік сөзінің түп-төркіні білек  және жүзік деген сөздерден туындаса керек.Білезік материалы күміс, қалыпқа құю әдісімен орындалған. Жалпы диаметрі – 7х5 см, жалпақтығы – 5,7 см, қалыңдығы – 2мм.

  

Абай тұтынған асадал-шкаф

Ұлы ақын тұтынған асадал-шкафтың тарихы ХХ ғасырдан бастау алады. Абайдың әкесі, Құнанбайдың жиені (есімі деректерде көрсетілмеген) кенже ұлы Тасжанмен төркіндетіп барғанда, нағашылары баланың зеректігіне тәнті болып, ақынның асадал-шкафын жиенсыбаға ретінде береді.  Тасжанның Құлжан, Қосжан, Зере (Құнанбайдың анасы, Абайдың әжесінің құрметіне) деген бауырлары болады. Зере Сыр өңіріне Бабай ишанға ұзатылып, асадал-шкаф қыз жасауы ретінде беріледі.

2006 жылы Сырдария ауданы, А.Тоқмағанбетов ауылының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері, Зеренің немересі А.Іскендіров Абай тұтынған асадал-шкафты музей қорына тапсырған.

 

 

 

+7-7242-263252

Сұрақтарыңыз бар ма?

Бізге хабарласыңыз немесе хат жазыңыз

Хат жазу