Залдар

«Археология және Этнография» залы

Экспозиция ауданымыздың археологиялық картасынан басталады. Картада аудан көлеміндегі тарихи-мәдени ескерткіштер, оның ішінде археологиялық ескерткіштердің орналасуы көрсетілген.

Археология және этнография залы 3 бөлімнен тұрады:

  1. Табиғаты
  2. Археологиясы
  3. Этнографиясы

Сонымен қатар жез ыдыстар, бұрынғы ата-бабаларымыздың ұстап-тұтынған мүліктері, киім-кешектері, аналарымыз бен қыз-келіншектердің әшекей бұйымдары, қазақтың киіз үйі және үй ішіндегі этнографиялық бұйымдар, ер-тоқым, сандық,  мыс қазаны қойылған.

 

«Аудан тарихы» залы

Экспозиция ауданның құрылуынан басталады. Ауданның тарихы (құрылуы, халқы,  шаруашылығы, т.б) жетістіктері жайлы, Социалистік Еңбек Ерлері, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының жұмыстары, «Тіршілік тынысы» редакциясы жайлы,  Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша ауданда атқарылған жұмыстар жайлы, Сырдария ауданындағы мұнай саласы, қуғын-сүргін құрбандары жайлы, жерлес ақын-жазушылар мен озық журналистер, саяси қуғын-сүргін құрбандары жайлы, ауданның ақын-жазушылар мен озық журналистері, аудандағы қолөнер шеберлері мен суретшілер жайлы мәліметтер қойылған.

«Көркемсурет галереясы» залы

2000 жылы  «Мәдениетті қолдау жылы»  ашылған  зал. Әр суретші – бір ғажап әлем. Сыр өңірі адамдарының болмысына табиғатына тартқан қажыр мен төзімді, кеңдік пен мәрттікті қатар бергендей. Сыр суретшілері  шығармаларының ғажайып шуақтылығы  мен қуатты эпикалық кеңдігінің сырына үңілсеңіз, осы ақиқаттың тағы бір куәсі боласыз.

Музейдің бұл залында жерлестеріміз республикамызға танымал суретшілер, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшелері Шахмұрат Сейтмұратов, Шәкірбек Сәменовтың картиналары қойылған.

Сонымен қатар ағаштан түйін түйген қолөнер шебері  Ж.Маханбеттің шығармашылық жұмыстары: қобыздар коллекциясы, ыдыс-аяқтар топтамасы, сувенирлер, домбыра, т.б. кәде-сыйлықтарды тамашалауға болады.

 

«Еңбек даңқы» залы

Зал экспозициясына аудан тарихы және аудан құрылған уақыттан бастап елге қызмет еткен еңбек адамдарының фото суреттері, тарихи құнды құжаттары мен заттай деректері және ауданда сала бойынша атқарылған игі істер жайлы мәліметтер қойылған.

     

+7-7242-263252

Сұрақтарыңыз бар ма?

Бізге хабарласыңыз немесе хат жазыңыз

Хат жазу