Залдар

«Нартай шаңырағы » залы.  Музей жәдігерлерінің ішіндегі ең құнды, маңызды жинақтары ол – этнографиялық тұрмыстық бұйымдар. Музейдің ІІ – қабатында киіз үй толық жабдықтарымен орналасқан. Киіз үй ішінде

 ХХ ғасыр кезеңіндегі тұрмыстық заттармен қатар Нартай Бекежановтың ұстап тұтынған заттары,  «Лира кілтті» керуерті, портреті, т.б. жеке киімдері, (бөрік, жиде, шапан,саптама етік) тұр. Осындай  халқымыздың рухани байлығы, көне құнды жәдігерлерімізді зерттеп-зерделеп халық игілігіне ұсынып, ғылыми айналымға ендіру музей ісінің негізгі жұмыстарының бірі.

«Тәуелсіз Қазақстан» залы - 2011 жылы  Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Нартай Бекежановтың мемориалдық өнер музейі филиалының  ІІ қабатынан ашылды. 2015  жылы  музейде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, музей экспозициясы жаңартылды.Экспозиялық залы хронологиялық түрде 1991 жылы

Республикамыз Тәуелсіздік алған күнінен бастап бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихын көрсетеді. Экспозицияда 1986 жылы Желтоқсаншылар құрбандарының суреттері, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің авторларының суреттері, Қазақстанның алғашқы валютасы -  теңгелер, Тұңғыш Президент, Елбасы Н.Назарбаевтың алғашқы миллион теңгенің  шығу сәтінен  көрінісі,  алғашқы ғарышкерлерТ. Әубәкіров,

Т. Мұсабаевтың  суреттері бар.

Нартай Бекежановтың мемориалдық өнер музейі музейінің қорында 377  дана  этнографиялық экспонаттар коллекциясы қазақ халқының сан ғасырлар бойы қалыптасқан тұрмысы мен дүниетанымдық көзқарастарынан, бай рухани және материалдық мәдениетінен сыр шертеді. Музей экспозициясында тұрмыстық және халықтық қолданбалы өнері бұйымдары, қазақ халқының киім-кешектері мен кілем тоқу өнері, ұстаның көрігі, ат әбзелдері, қазақ халқының зергерлік бұйымдары музей келушісіне ұсынылған. Сонымен қатар музей қорында қазақ мәдениетінің бірегей символы – киіз үй жабдықтары сақтаулы.

+7-7242-263252

Сұрақтарыңыз бар ма?

Бізге хабарласыңыз немесе хат жазыңыз

Хат жазу