Тарихы

Нартай  Бекежановтың мемориалдық өнер музейі филиалы 

Нартай Бекежановтың мемориалдық өнер музейі филиалы сегіз қырлы, бір сырлы, ақиық ақын, талантты композитор, күміс көмей әнші, замана бұлбұлы Нартай  Бекежановтың өмірі мен шығармашылық  жетістіктеріне арналған. Нартай музейі Қызылорда облыстық атқару комитетiнің 1990 жылғы № 23 қаулысына сәйкес  1993 жылы 25 қазанында  негiзi ретiнде құрылды. Музей қабырғасы целикат қышынан өріліп, екi қабатты, екi күмбездi шығыс үлгісімен салынған. Музейдің жалпы көлемi 384,1 шаршы метр. Көлемі 296,1  шаршы метрден асатын экспозициялық алаңға  5 зал орналасқан.   Н. Бекежановтың  құжаттары мен фотосуреттері,  өнер жолындағы   ізбасарларының   суреттері мен құжаттары музей залдарына қойылған.   Киіз  үй ішінде  тұрмыстық заттар  мен   этнографиялық бұйымдары тұр.«Тәуелсіздік Қазақстан» залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіз жылдардағы  құжаттар мен суреттер экспозицияға қойылған.    

 

+7-7242-263252

Сұрақтарыңыз бар ма?

Бізге хабарласыңыз немесе хат жазыңыз

Хат жазу