Басты бет » Бөлімдер

Өлке тарихы бөлімінің атқаратын қызметі

Енгізілді: 26.04.2016Өзгертілді: 13.10.2017

1.  Өлке тарихы бөлімінің негізгі қызметі ғылыми-зерттеу жұмысы болып табылады. Бөлімнің ғылыми қызметкерлерінің негізгі атқаратын қызметі музей экспонаттарын және коллекцияларын ғылыми тұрғыда зерттеу.

2. Ғылыми есептер дайындау, музейдің ғылыми концепцияларын өңдеу, экспозициялар ұйымдастыру, музей қорындағы құнды экспонаттардан мақалалар, альбомдар, буклеттер, баяндамалар, тезистер, комментарийлер дайындау. Ғылыми конференциялар, семинарлар ұйымдастыру, іс-сапарға шығу.

3. Музей экспозициясының ғылыми концепцияларын өңдеу, тақырыптық жоспарларын жасау, экспонаттардың  аннотациясын  дайындау.

4.    Музей саласына қарай:
-  ғылыми мәселені анықтау; 
-  ғылыми сипаттау;
-  экспозицияны дайындау және жетілдіру жұмыстары;
-  жинақтау және экспозициялық жұмыстар арқылы өлкенің  мәдениетін,      
тұрмысы мен экономикасын зерттеу; 
-  кеңестік-анықтамалық, әдістемелік және баспа жұмыстары.

5. Конференцияларда, семинарларда, симпозиумдарда, ғылыми әдістемелік кеңестерде  баяндама оқу.

6. Облыс аумағына ұйымдастырылатын археологиялық және этнографиялық экспедициялар қатысу, ғылыми іс-сапарлар туралы ғылыми есептер дайындау.

7.   Музей экспозициясындағы экспонаттардың физикалық қалпын яғни қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бұзылуына жол бермеу. Реставрациялауды қажет ететін экспозициядағы экспонаттардың  тізімін  жасау.

8. Тарихи-мұрағаттық ізденістер, іріктеу және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу.

9. Музей қорын толықтыру мақсатында өлке тарихы мен мәдениетіне қатысты музейлік маңызы бар жәдігерлер жинақтау.

10. Музей қорында жинақталған экспонаттарға ғылыми сипаттама беру, ғылыми  төлқұжат  және  музеолог  бағдарламасына  енгізу.  

11. Музей қызметін ұйымдастыруда жаңаша әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану  арқылы назардан тыс қалған тетіктерді іске қосу.
-   Музей қорында  сақталған  жәдігерлерді топтастыра отырып, республика       
көлемінде ғана емес, елді- мекендерде  көрсетуге болатын жылжымалы көрмелер  
ұйымдастыруға мүмкіндік беру:
-  Отандық музейлермен бірлескен жобаларға қатыса отырып өзінің қаржы мәселесін  шешуге жағдайлар жасау:
-     Қоғаммен байланыс қызметін жүргізіп отыру (жеке әңгімелесу, БАҚ құралдары   арқылы байланысу, жарнама әзірлеу). Осы жұмыстар негізінде талдау жасап,
ұсыныстарды қабылдау.

 12. Музей қызметін бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі бағыттарының бірі туризимді дамыту.  Республиканың мәдени әлеуетінде қордаланған өзекті мәселелерді шешуде музейлердің ықпалы жоғары. Соның ішінде, Ұлы Жібек жолының бойында көптеген тарихи, археологиялық, архитектуралық жәдігерліктер туристерді қызықтырмай қоймайды.  Осыған орай,  ортағасырлық қалаларға экскурсиялық іс-сапарлар ұйымдастыру.